Биологиядан презентация тақырыбы. "Бассүйексіздер тип тармағы "

Предмет: Биология
Категория материала: Презентации
Автор:

Сынып: 7                                                                                                        Күні: 27.01.2015.

Пән: Биология

Тақырыбы: Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша — бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Желілілерге тән белгілер, бассүйексіздер тип тармағы, қандауырша туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой -  қабілеттерін, білімдерін сұрақтармен жауап арқылы одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу. 

Пән аралық байланыс: химия.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, кітап.

Сабақтың құрылымы:  I Ұйымдастыру кезеңі.

                                       II Үй тапсырмасын тексеру.

                                      III Жаңа сабақ түсіндіру

                                      IV Сергіту кезеңі.

                                 V Сабақты бекіту, бағалау.

                                      VI Үйге тапсырма беру.                

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1.      Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

2.      Бунақденелілердің мекен ортасын ата:

3.      Дене бөлігін ата:

4.      Жәндіктерден айырмашылығы қандай?

5.      Дамудың сызбанұсқасын жаз:

6.      Мидың неше бөлігі бар:

7.      Қантарату жүйесі қандай?

8.      Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі?

9.      Имаго дегеніміз не?

10.  Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) неге өте қауіпті зиянкес жәндік болып саналады?

 

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Желілілер типі - денесі қуысты (целом), үш қабатты, екіжақты симметриялы. Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілілер деп аталады. Олардың 40 - 45 мыңдай түрлері бар. Желілілер құрлықта, топырақта, суда, ағаш басында мекендейді.  

 Желілілерге тән белгілер:

Ø  Арқа жағында серпімді әрі тығыз арқа желісіболады;

Ø  Желінің үстіңгі жағында ұзынынан орналасқан жүйке түтігібар;

Ø  Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларыорналасқан;

Ø  Жүрегі кеуде қуысының төменгі жағына орналасқан;

Ø  Қан тарату жүйесі – тұйық;

 Желілілердің үш тип тармағы бар: бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.

 Қандауыршаға тән белгілер:

Ø  Дара жынысты;

Ø  Омыртқасы жоқ желілі жануар;

Ø  Желі, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады;

Ø  Дене тұрқы 5 – 8 см;

Ø  Арқа жүзбеқанаты тұтас әрі жіңішке;

Ø  Ауыз алды қуысының айналасында көптеген қармалауыштар орналасқан;

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 699 Kb
Количество скачиваний: 93
Просмотров: 430

Похожие материалы