Бұл тест тапсырмалары оқушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін қолданылды.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абдижалелова Алмагул Танатаровна
|
Қорқыныш пен қобалжудан басталған менің ұстаздық өмірім бұл күнде көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, жүрегіммен және жан-тәніммен сезіне алатын мұғалім мамандығының терең сырларына біте қайнасып араласуда. Әр сәт сайын мен өзімнің ішкі дүниеме үңілудемін. «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек ?» деген тақырыптың төңірегінде ой өрбітемін. Мектептегі тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Ұстаз балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы алдымызда отырған шәкірттерімізге қызықты болу үшін және олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін заман талабына сай өзгеруіміз керек деп ойлаймын.
Өз тәжірибе барысында американдық ғалым С.Бичтің пікірімен таныстым. Оның «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз өзгеруіңіз қажет» деген пікірі менің пікіріммен ұштасты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу барысында «жақсы мұғалім-жай ғана өз пәнін жақсы білетін және өз білімін жас ұрпаққа бере алатын тұлға» деген пікірмен келіспейтінімді білдіремін. Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет жиырма, отыз баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Мұғалім күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.42 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |