Бұлбұлдың әні

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мен сендерге мынандай тапсырма беремін. -Ол үшін мына тақтада тұрған телефондағы номерлерді басып оның артындағы жасырын тұрған әріпті табуларың керек. -Бұлбұлдың әні. -Сонымен сабақтың тақырыбы Бұлбұлдың әні. -Балалар, сендер бұлбұлдың қандай құс екенін білесіңдер ме? -Міне, бұлбұл құсының суреті. -Ал, балалар сендер бұлбұлдың дауысын естіп көрдіңдер ме? -Оның дауысы қандай екен?(Дауысын тыңдату) - Бұлбұлдар - торғайтәрізділер,  сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Бұлбұлдың дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. - Балалар, бізге кітапта «Бұлбұлдың әні» дейтін мәтінді беріпті. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.68 Kb
Количество скачиваний: 70
Просмотров: 295

Похожие материалы