Білім беру ұйымдары әдіскері қызметінің моделі

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде. Елбасымызды «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» жолдауындағы басым бағытардың бірі-Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Ал адами капиталды – еліміздің ертеңгі азаматтарын оқыту мен тәрбиелеуді сапалы  жүргізу біздің басты міндеттерііміз.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы – тәуелсіз қазақстанның келесі бір даму белесін айқындап берген бағдарламалық құжат. Елбасы өз мақаласында білім беру ісін жаңғырту міндетін қойып отыр. Ол негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту, білім беру қызметінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы .

 Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.

            Еліміздің ертеңі адами капиталдың бағбаны да, бақ қондырушысы да  ұстаздар қауымы. Сондықтан да қазіргі коғам мен мемлекетіміз ұстаздардын ерен еңбек пе кәсіби шеберлікті талап етіп отыр.  Заман талабына сай  болуы үшін кез келген үстыз кәсіби құзіретті болуы керек. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - педагогтардың құзіреттлігін үздіксіз дамыту. Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр.

 1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы.

 2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі

 3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.

 4. Компьютерлік техниканы меңгеруі

 5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Мұғалімдердің құзіреттлігіне қол жеткізіп, білім беру мен тәрбиені барынша сапалы етіп беруде   мектепте әдістемелік қызметті ұйымдастыру да өте маңызды. Мектептегі әдістемелік қызмет – бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжірибеге және нақты оқу - –әрбие процесіне негізделген біртұтас жүйе, әр мұғалім өз кәсіби біліктілігін жан – жақты дамытуға, мектеп пен педагогикалық ұжымның шығармашылық мүмкіндігін дамыту мен жоғарылатуға арналған.

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

 

«Мұғалім бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды Нәзипа Құлжанова

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 185.57 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 149

Похожие материалы