Білім деңгейлерін анықтау 1кл
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шалабаева Жулдыз Бердибековна
|
Білім деңгейлерін анықтау
(Математика, 1класс)
Сабақтың мақсаты: 1.Ертегі желісі бойынша дидактикалық бірліктерді ірілендіру жүйесінің элементтерін қолдана отырып білімді тиянақтау және бекіту. (ДБІ. П.М. Эрдниев)
2. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, танымдылыққа баулу.
3. Өз бетімен жұмыс жасай отырып өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: ертегі желісі бойынша тиянақтау
Типі: бекіту сабағы
Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері,ойын,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Көрнекілігі: суреттер, қажетті дидактикалық материалдар, үлестірме қима қағаздар,
цифрлар,таңбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Біз бүгін «Қасқыр және 7 лақ» ертегісі бойынша осы уақытқа дейін өтілген тапсырмаларды пысықтаймыз. (ертегі мазмұнына тоқтатылу қасқыр, ешкі , математика туралы өлең оқу).
- Қасқыр деген қандай аң? (жауап)
- Ешкі мен лақ қандай жануар ? (жауап)
- Ендеше балалар бүгін біз қасқырдан осы лақтарды құтқару үшін жұмыс жасайтын боламыз.
I-тапсырма. 10-ға дейінгі сандарды ілгері, кейін санау.
II. «Тез есепте» ойыны. Танымдық қабілетті дамыту.
III. Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс.
№1 Азайғышы 8-ге тең өрнектер жаз,мәнін тап.
№2 Екінші қосылғышы 6-ға тең қосындылар жаз,мәнін тап.
№3 Азайтқышы 3-ке тең айырмалар жаз, мәнін тап.
Сергіту.Жұмбақ өлең есептер айту, оқушылар шешу.
1.Табақта 5 өрік,
Қолымда 4 өрік
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік? (9)
2.Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім шешеді? (5)
3.Аулада 5 лақ
Қорада 3 лақ
Бір лақ жүгірді,
Бір лақ тығылды
Қалғаны неше? (6)
IV.Есеп ұғымын пысықтау.
Қасқыр жеті лақты ұстап алып еді, біз оның 4-еуін құтқардық,енді оның нешеуі қалды? Қане, балалар осыған есеп құрастырайық.
(Есеп құрастыру, шешу)
V.”Көршісін тап” ойыны. (10-ға дейінгі сандар)
VI.Математикалық бас қатырғыш.
VII.Салыстыру.Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.
4 * 5 4+1 * 7 2+3 * 4+1
6 * 2 5+2 * 9 7+2 * 8-1
8 * 9 3+4 * 6 6+2 * 5-0
VIII. Сабақты бекіту, қорытындылау
Үлестірмелі қағаздарды көрсету,оқушылар жауап беру.
Міне, балалар, біздер тапсырмаларды орындау арқылы, лақтарды қасқырдан құтқарып, аналарына қостық. Енді енесі қандай жағдайда болып тұр?
Қане, балалар Маяның осы туралы өлеңін тыңдайықшы.
IX.Оқушыларды бағалау,сабақты аяқтау.
Х. Үйге тапсырма беру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 99.1 Kb |
Количество скачиваний: | 3 |