Сүт қалай ұйықтайды? 2кл

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Сүт  қалай  ұйықтайды?

                                              Әдебиеттік  оқу   2 «А» класы

Сабақтың  тақырыбы: Сүт  қалай  ұйықтайды?

Сабақтың  мақсаты: Ертегінің  негізгі  ойын  ашу, түсіндіру.

Міндеттері:

1. Мысал- ертегідегі  негізгі  ойды аша отырып, өз ойына қорытынды  жасай  білуге дағдыландыру. Мәнерлеп, түсініп оқу  дағдыларын  арттыру.

2. Оқу мен жазу  арқылы ойлау, есте  сақтау дағдыларын  жетілдіру. Байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын  арттыру.

3.Ұлттық  тағам  түрлерінің  пайдасын жасалу жолдарын  білгізе  отырып, асты қадірлеу, дұрыс  тамақтану  мәдениеттілігіне  үйрету. Жақсы-жаман  әдет-қылықтарды  ажырата білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас  сабақ.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, дебат,талдау-жинақтау, түсіндіру..

Сабақтың  көрнекілігі: сюжетті суреттер, О.Әбубәкіров суреті, танымдық  тапсырмалар, видеороликтер.

Сабақтың  барысы:

1.      Бағдарлау-мотивациялық кезең

1.Психологиялық  дайындық

Әрбір адам? Туысым, досым,жұрағат,

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісің? Тірлік, тірек,адамдық,

Әрбір  сөзің? Шындық, бірлік,адалдық.

Осы ұранды  ұстай  отырып,  сабағымызды  бастайық.

I. Алған  білімдерін  тиянақтау.

 Үйге қандай  тапсырма  берілді?.

«Салақтық». Ы.Алтынсарин

Әңгіменің  мазмұнын  тізбектей  сұрау.

-Әңгіменің  басты  кейіпкері  кім?

-Керім  қандай  адам?

-Керімнің  бойындағы  жақсы  және  жаман  қасиеттері қандай?

-Тазалық  сақтаудың  адам  өміріндегі  маңызы  қандай?

Сұрақтардың  жауабын  талдай  отырып,  үй тапсырмасын  қорытындылайық.

Әңгіменің  негізгі  ойы – «Салақтық».

Шығу  себептері-жалқаулық, ұқыпсыздық.

Нәтижесі-ауруға  шалдығу, өмірден  озу.

Болдырмау  жолдару-тазалық сақтау, тиянақтылық, үлкенді  сыйлау.

II.Операциялық-орындаушылық  кезең.

-Мақсатын  хабарлау.

О.Әубәкіров  туралы  мәлімет  беру. /видеоролик Оспанхан  Әубәкіров - сатирик, ақын  сықақшы. «Тамаша»  әзіл- сықақ театрының  негізін  салушы. Балаларға  арналған  шығармалары  өте көп.

Оқулықпен  жұмыс.

-мұғалімнің  оқуы;

-тізбектей  оқу;

-іс-әрекетті  білдіретін  сөздерді  ертегіден  табу, астын  сызу;

Ертегі  соңындағы  тапсырмалар мен сұрақтарға  талдау  жасау.

-Сүттің  іс-әрекетін  талдау: ұйып қапты, айран бопты, оянбапты, ашыпты, быжынап  құтырыпты,біліп қапты, құя салыпты, ояныпты, жылапты.

Дебат. Ертегідегі  сүттің  іс-әрекетін  ақтаушы, даттаушы болып оқушылар  пікір таластырады.

Ақтаушы: тынығады, айран болады, сары су шығады, адамға  пайдасы мол.

Даттаушы: талапсыз, жігерсіз, жалқау, ашушаң, ерке, кербез,үлкенді  тыңдамау.

Сергіту  сәті

/психологиялық  тренинг. Көзге  жаттығу музыка  әуенімен/

III.Рефлексиялық-бағалау  кезеңі

Дәптермен  жұмыс.

-Бес  жолды өлең  құрастыру.

Не?                                                   

Не істеді?                                         

Қандай?                                          

Не үшін?                                         

Жалпы  ойды  түйіндеу                                                   

Оқушылар  өз  бетімен  өлең  шумақтарын  құрастырады.

-Сүт  өнімдерінің  адам  ағзасына  пайдасы, дастархан  басында  әдептілік./ пікір-талас/

-Малды  басқа  ұрма.

-Ақты  жерге  төкпе.

-Құрықты  аттама.

-Малды  теппе.

-Сүттің  бетін  ашық   қойма?

«Ұйқының» пайдалы және зиянды  жақтарын  саралау.

«Пайдалы»                                                                                     «Зиянды»

-энергия  жинау                                                                              жалқаулық

ми қызметінің  үйлесімділігі  тынығады                                      енжарлық

11 сағат ұйқы                                                                                              кешігу

23-00-5-30-сапалы  ұйқы                                                                жұмысы  өнбейді

-жалқаулық, енжарлық, кешігу, жұмысы  өнбейді.

IY.Үйге  тапсырма: ертегіні оқу. Сүттен  алынатын  тағамдардың  пайдасы /эссе жазу/

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.31 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 154

Похожие материалы