Здесь была ссылка на работу Білімді тексеру сабағы автора Тлебаева Куляш Алдабергеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы. Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сабақ түрі: Сайыс сабақ. Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық. Сабақ көрнекілігі: карточкалар, тақта, т.б. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 1). Сәлемдесу. 2). Келмеген оқушыларды белгілеу. 3). Оқушыларға сабақтың түрі мен мақсатын хабардар ету. II. Оқушыларды «Жол», «Уақыт», «Үдеу» атты үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау. Мұғалімдерді шақырып немесе оқушылардың өз іштерінен әділ қазылар алқасын тағайындау. III. Сайысты өткізу. 1-тур. «Сұрақ – жауап». Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады. Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болад