"Білімді тиянақтау" 2 "Б" сыныбы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: математика

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:

4 санының қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтай түсу, қарапайым әріпті өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында кестелі қосу мен азайтуды орындауға машықтандыра түсу; екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыру.

Қоршаған ортаға аңдарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Достықты қадірлеуге, қиындыққа шыдау, қол ұшын беріп көмектесуге тәрбиелеу.

Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрету, ойлау, тез есептеу қабілеттерін арттыру, дамыту

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, ойлау, ойнату

Сабақтың көрнекілігі: сандар, жеке суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Қазір бізде математика сабағы бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес ертегі сабақ. Сабағымыздың тақырыбы 4-ті қосу және азайту тақырыбы бойынша алған білімді тиянақтау. Мақсатын айту. Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 295 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 97

Похожие материалы