Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы. сабақ жоспары 8 сынып
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Наурзбаева Мейрамгуль Булатовна
|
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызыметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сайыс арқылы ой-өрістерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Ізденімпаздыққа, шапшандыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Бұлшық ет жүйесі», «Адам қаңқасы» кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары, тестік диктанттар.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сауалнама, сұхбат-дәріс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.
«Күлкі көңіл айнасы» тренинг
«Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюгю (француз жазушысы)
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
♦ Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;
♦ Иммунитетті күшейтеді;
♦ Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
♦ Қан айналым жүйесін жақсартады;
♦ Күлкі адам ағзасын тазартады;
♦ Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз!
Жұлдызшалар бойынша оқушыларды топқа бөлінеді
II.Үй тапсырмасын сұрау. А) Сұрақ жауап.
- Байламдардың созылуын қандай белгілері бойынша анықтауға болады?
- Сүйек шығу белгілері қандай?
- Омыртқа жотасы, бас сүйегі, кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек.
- Сіңір созылғанда қысатын таңғышты қалай салады?
- Білек, иық, тізе, санға шина салу әрекетін түсіндір?
В) Биологиялық диктант.
Барлық омыртқалар бір-бірімен …, бұлшықеттер … арқылы байланысады. Қол сүйектеріне жататындар тоқпан жілік, … пен шынтақ сүйегі, қол басы сүйектері жалғасады.
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұлшық ет: Кеңістіктегі қозғалысын басқарып,тепе-теңдіті сақтайды,әр түрлі қозғалысты пайда етеді,ішкі мүшелердің барлық жұмыстарын,ас қорыту,қан айналу,зәр шығару,ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуіне көмектеседі,жұтыну,дауыстың шығуы,көздің қозғалуы,жоғарғы жақ қозғалысын басқарады,суйектермен бірлесіп,денеге пішін беріп,ьік ұстап тұрады,кеуде қуысын құрайтын қабырға аралық бұлшық еттер көк ет, тыныс алуды басқарады.
Бұлшық еттердің құрылысы:бұлшық ет борпылдақ,тығыз дәнекер ұлпасынан түзіледі,жиырылғыш қасиеті бар,қан тамырларнан,жүйке тамырларынан тұрады.
Бұлшық еттер: біріңғайлы салалы
көлденең жолақты.
Бас және мойын бұлшық еттері.
Тұлғаның бұлшық еттері – арқаның, көкіректің, құрсақтың – арқаның, көкіректің, құрсақтың бұлшық еттері.
Көкіректің бұлшық еттері – сыртқы және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, көкет.
Құрсақтың бұлшықеттері – алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік ж.т.б. бұлшықеттер жатады.
Қолдың бұлшықеттері – иық белдеуі және қол бұлшық еттері – екі басты, үш басты.
Аяқтың бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың – санның, балтырдың, табанның бұлшықеттер
ІV. Бекіту тапсырмалары:А) Қызықты және танымдық деректер
В) Кітап, дәптермен жұмыс.(сурет салу)
Қорытындылау. Бүкіл ағзадағы тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.
VІ.Үйге тапсырма беру. 1. § 27- Оқып келу. №2,3 кестені толтыру.
ҮІІ. Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.08 Kb |
Количество скачиваний: | 93 |