Бұлттық технологияны және Google қызметтерін іс жүзінде бірыңғай білім кеңістігін құруда пайдалану
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Аскарова Гульмира Муратовна
|
Т.А.Ә.А: Аскарова Гульмира Муратовна
Жұмыс өтілі:19 ж
Жұмыс орны: КММ «Дарын» мамандандырылған
мектеп интернаты
Лауазымы: информатика пәнінің мұғалімі
Санаты: жоғары
Деңгей: 1
электронды пошта: ascarova74@mail.ru,
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев
Бұлттық технологияны және Google қызметтерін іс жүзінде бірыңғай білім кеңістігін құруда пайдалану.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс- әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді мәлім. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.
Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Бұлттық технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мұмкіндік береді.
Бұлттық технология- тұтынушының құжаттарын электронды қоймада интернет желісі арқылы сақтауға, өңдеуге және жолдастармен және әріптестермен қызықты файлдармен бөлісуге мүмкіншілік береді.
Бұлттық технологияның артықшылықтары: бағдарламалық қамсыздандыруда, электр энергияны экономдау, топтық жұмыс жасау, файлдары жоғары жүктеу және көшіру жылдамдығы, қажетті файлдардың әрқашан қолымызда болуы, 25GB – тегін және мәңгі орын берілуі, сіздің барлық файлдар үшін қауіпсіз сақталуы. Резервті көшірмелер бар болуы. Тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез- келген, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайтындығы.
Бұлттық технологияның кемшіліктері: жоғары жылдамдығы бар интернет желісінің болуы, бағдарламалық жасақтамалардың жергілікті аналогтардан функционалды кемшіліктері.
Бұлттық технологияны қолдану мысалдары
Google-құжаттарын интернетте бірлесіп қолдану арқылы құжаттарды өңдеуге болады.
Google- кесте. Кесте құру. Мұғалім кесте құрып оқушыларға кіруге рұқсат беру құқығы арқылы жүзеге асырады. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы қажетті ақпаратты желіден іздеп берілген кестені толтыруға кіріседі.
Google-таныстырылым. Оқушылар рұқсат алу құқығы режимімінде топпен презентация жасайды, сұрақтар құру.
Google-форма. Мұғалім анкета, сұраулар ұйымдастырып өткізуге мүмкіншіліг бар.
MindMeister ментальді картасын жасау. Виртуальные тақтаны топтық жұмыста қолдану.
«Бұлттық технологияны білім саласында қолдану» тақырыбы бойынша ұстаздарға шебер сағаттары өткізілді. Алдын ала қатысушыларға Google-аккаунтын құрғызып, gmail.com. поштасымен қолданыла алатын жағдай жасалды. Қатысушылар белсенді және бірлесіп жұмыс жасау ұйымдастыру мақсатында Google- қосымшаларының пайдалану жолдарын көрсетілді.
Алға қойылған мақсат бойынша әріптестерімізге бұлтты технологияны қолдану және оның қызметтерімен практика жүзінде тиімді колдануының жолдарын көрсету болды. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: осы мәселе бойынша мұғалімдердің білім деңгейін анықтап алып, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолданыла алатын әр түрлі әдістерін үйрету. Бұлттық қызмет көрсету туралы пікірталас ұйымдастыру. Мысалдар арқылы сыныпта бұлттық технология артықшылықтарын пайдалануды көрсету. Сабақтың тақырыбы атауын ашу мақсатында «Облака белогривые лошадки», сөздерін таратып, әнін айту болды. Нәтижесінде қатысушылар бұлтты технологияны маңызын түсінеді, google қызметтерін іс жүзінде қолданыла алады;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 335.63 Kb |
Количество скачиваний: | 39 |