Блум бойынша "Қанның артериялық қысымы" атты сабақ

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Cабақ тақырыбы: Қанның артериялық қысымы.
Қанның тамырлармен қозғалысы.


Сабақ мақсаты: Қан айналым жүйесі бойынша білімдерін толықтыру.
Білімділік: Қанның артериялық қысымын, қанның тамырлармен қозғалуын түсіндіру. Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеуді үйрету.
Дамытушылық: Жүрек қантамырлар жүйесі бойынша білімдерін дамыта, тамырдың соғуы туралы зертханалық-ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық-денсаулық екендігі туралы терең түсінік беру.


Сабақ типі: Жаңа сабақ:
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-зертханалық.
Көрнекіліктер: суреттер, тонометр, секундомер. Компьтерлік слайдтар.


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин.
-Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы І Қызығушылықты ояту. 7 мин.
• Венн диаграммасы: « Кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін салыстыру»

Кіші қанайналым шеңбері Үлкен қанайналым шеңбері
Айырмашылығы : Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып , сол жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады. Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады.
Ұқсастығы Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып жүрекке келеді.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.08 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 127

Похожие материалы