Болымды және болымсыз етістік

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Описание материала:

Қызылорда қаласы №101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Ханшайым Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы түсінік қалыптастыру,алған білімдерін жинақтап,одан әрі тереңдету.

Дамытушылығы: Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,оқушының сөздік қорын байыту ,байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелілігі : ұқыптылыққа,жинақылыққа,ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру,сұрақ-жауап, ой қозғау,ойын,ереже.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қима қағаздар,оқулық,суреттер,тиым сөздер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылардың зейінін сабаққа аудару ә)Психологиялық дайындық Үлкендерді құрметтеп, Күнде бестік алатын, Кішілерді ренжітпей, Біз әдепті баламыз, Біз бақытты баламыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Үй жұмысын тексеріп,бағалау ІІІ.Жаңа сабақ. а) Қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтарға жауап алу. -Қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім,сын есім,сан есім,етістік) -Бұларды қазақ тілінде бір сөзбен қалай атаймыз:(Сөз таптары) -Заттардың нелері болады? (аты,саны,қимылы т.б) ә) сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. б)Топтастыру . в) Ереже әдісі : Етістік Болымды болымсыз Етістік болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы бар-барма, жаз-жазба,ки-киме т,б. г) оқулықпен жұмыс Көркем жазу 1-жаттығу Берілген етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғап жаз. 1-оқушы тақтада орындайды,сөз құрамына талдайды . Жазба,санама,келме,тұрма,шақырма,киме,қайтпа,төкпе,қазба, безбе. Сөздердің мағынасы қалай өзгереді? 3топтан Сөздердің мағынасы қалай өзгереді? 3топтан 3 оқушыға 3 сөйлем құрату. Туған туысқаныңнан безбе. Бас киміңді теріс киме.Біреуге ор қазба. 2-жаттығу. Өзіндік жұмыс Тиым сөздерді көшіріп жазу,сөз құрамына талдау.Аққуды атуға болмайды .Құмырсқаның илеуін,қарлығаштың ұясын бұзба.Малды аяғыңмен теппе.Нанды бір қолмен үзіп жеме.Сүт тағамдарын жерге төкпе. Сергіту сәті:5-жаттығу (ауызша) Жұмбақ шешу Өзі өтпейді

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 138.84 Kb
Количество скачиваний: 47
Просмотров: 246

Похожие материалы