«Бой жазу жаттығуы» сауықтыру сабағы.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні

Пәні:

Сыныбы: 6а

Тақырыбы: «Бой жазу жаттығуы» сауықтыру сабағы.

Мақсаты: Оқушының ойлау, есту, қабылдау қасиеттерін дамыту, қимыл-тірек жаттығуларын үйрету.

Әдісі: гимнастикалық жаттығулар, арттерапия (әуенді тыңдау)

І. Ұйымдастыру жұмысы.

а) Сәлемдесу. Оқушымен әңгімелесу, көңіл-күйін білу.

ә) Оқушының зейінін жаттығуларға аудару.

ІІ. Бой жазу жаттығуы. Мұғалім қозғалысты көрсетіп,қайталауын сұрайды.

1.Оң қолымызды көтереміз, сол қолымызды көтереміз,қолымызды шапалақтаймыз.(3 рет)

2. Басымызды оңға, солға бұрамыз (3рет)

3. Қолымызды иығымызға апарып, сол жаққа, оң жаққа бұрыламыз.(3 рет)

4. Қолымызды бүйірімізге қойып, солға бір,оңға бір бұрыламыз. (3 рет)

5. Қолымызды алға созып, жоғары көтеріп,төмен түсіреміз. (3 рет)

ІІІ. Қолға арналған жаттығу, арттерапия (әуенді тыңдау)

- Алақанды жұмып, сол қолдың білегін бүгу, осы жағдайда 10 сек.

ұстап тұру. Қолды босатып, төмен түсіру.

- Алақанды жұмып, оң қолдың білегін бүгу, сол жағдайда 10 сек. ұстап тұру. Қолды босатып, төмен түсіру.(3-4 рет қайталау)

ІҮ. Аяққа арналған жаттығу, арттерапия (әуенді тыңдау)

–Денені бос ұстап, аяқты кезектестіріп, бүгіп-жазу (5-10 сек.)

–Аяқты өзіңе қарай бүгу, балтырдың бұлшық еттерін 5-10 сек. ұстау, түсіру.

-Велосипед тебу қимылы.

Ү. Сабақты қорытындылап, аяқтау (формативті бағалау).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.94 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 125

Похожие материалы