Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу (6-сынып)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аимаганбетова Акбота Кайыржановна
|
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.
Мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу ережесімен таныстырып, бір айнымалысы бар екі немесе бірнеше теңсіздіктердің шешімдері ортақ болған жағдайда, оларды теңсіздіктердің бір жүйесіне біріктіре білуге, теңсіздіктер жүйесін шешуде ондағы теңсіздіктердің әрқайсысын тура санды теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндерінің жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтындығын анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:
І кезең: Ұйымдастыру.
«Көпір тапсырмалары».
ІІ кезең: Синептикалық бөлім.
(Өз бетімен тақырыпты меңгерту)
ІІІ кезең: Кері байланыс.
(Нәтижеге бағытталған бөлім).
I кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
«Көпір» тапсырмалары.
Жаңа тақырыпқа қажетті пысықтау сұрақтары:
1) Қандай теңсіздік белгілерін білесіңдер?
2) Теңсіздік белгілері нешеге бөлінеді?
3) Сан аралығының түрлерін айтып беріңдер.
4) Интервал мен кесіндінің айырмашылығы қандай?
5) х<6 және х>8 теңсіздіктері арқылы қос теңсіздік жазуға бола ма?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 64 Kb |
Количество скачиваний: | 166 |