Бірлігіміз жарасқан
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Козыбай Жадыра Смагуловна
|
Здесь была ссылка на работу Бірлігіміз жарасқан автора Козыбай Жадыра Смагуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық, әлеуметтік. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, жапсыру, қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан Мақсаты: Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалардың бойына сіңіру. Балалардың достық, бірлік және патриоттық сезімдерін ояту. Әдіс-тәсіл:түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап Көрнекілік: әр ұлттың кейіпкерлері, суреттер, слайд. Билингвизм сөздер: достық-дружба, бірлік-содружества, татулық-единства Ұйымдастыру кезеңі: Назарбаев суреті, түрлі ұлттар суретін көрсетіп шығу Шаттық шеңбері: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз Ортақ болсын асқар тау Жеміс толы бақша-бау. -Балалар, біздің кең байтақ жеріміз, көп ұлтты еліміз қалай аталады? -Қазақстан деп аталады Қазақстан қандай ел? -Тәуелсіз ел -Қане кім Қазақстан туралы тақпақтар біледі? Айбек: Қазақстан Республикам мақтанышым Мен сені жырламаймын мақтан үшін Құдайым маған, құйттай жүрек берген Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін Жігер: Елімнің атын айтсам Қазақстан Жерімнің атын айтсам Қазақстан Қойнауы қазынаға толған мекен Байлығым атын айтсам Қазақстан Азамат: Кең даланың ежелгі Қазақ дейтін халқымыз Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз Ерасыл: Менмін Отан бөбегің Алты жаста өренің Ан тілден нәр алып Тәрбиеші сөзін ұғынумен келемін -Еліміздің рәміздерін кім атап береді? -Елтаңба, әнұран, ту. -Жарайсыңдар балалар енді кім рәміздер туралы тақпағын айтады? Ақниет: Көгілдір ту көгінде Нұр құяды көңілге Мәңгі бақи жас қала Әсем қала Астана Салтанат: Желбірейді шарықтап Қазақстан жалауы Көкте қыран қалықтап Қанат қағып барады -Балалар қазір біз еліміздегі көпұлтты халықтарды мультимедиадан көреміз. -Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, түрік, шешен т.б. Біз олармен татумыз, доспы. Азамат:Қазақ киімін киген бала Біз тілейміз бар бөбекке Бақытты өмір сүргенін Туған елге еркелеп Қуанғанын күлгенін Бота: Испан киімін киген бала Біз балдырған тең басқан Дос құшағын елге ашқан Тілейміз бейбіт күн Ашық болсын кең аспан Асель:Өзбек киген қыз Ажарланды бар аймақ Тасығандай береке Мамыр келді арайлап Құтты болсын мереке Жігер: Грузин киімін киген бала Жүз жеті ұлттың өкілі Жүзге де бөлмей бауыр қып Қазақстан халқының Арта берсін бірлігі Салтанат:Орыс ұлтының киімін киген бала Достық тату өмірге Дүниежүзі сенді Соғыс өртін өшіре Бейбітшілік жеңеді Ақниет: Үнді киімін киген бала Бейбітшілік деп салған Халықтардың ұраны Қара күшке жұмсалған Ең жеңімпаз құралы. -Достық, бірлік жайлы кім мақал-мәтел біледі? Ырыс алды ынтымақ Жүз сомың болғанша Жүз досың болсын Дос жылатып айтады Дұшпан күлдіріп айтады Ғажайып сәт телефон шырылдайды Сәлемметсіз бе? Сәлемметсізбе? біз сізге африка елінен телефон шалып тұрмыз. сіздер қайдасыздар? Кәусар балабақшасындамыз Hello! салем Балалар мен кең байтақ елді көріуге қазақ жеріне келдім және сендердің білімдеріңді тексергелі келдім. Енді мен сендерден тапсырма алғым келіп тұр кім маған онға дейен үш тілде айтып береді Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восем, девять, десять. one, twe ,three, four, five, six, seven, eight, nine, ten . жарайсыңдар балалар кім айтады достық орысша қалай аталады? дружба Ал бірлік ше? единства Жарайсыңдар өте білімді балалар екенсіңдер Енді бәріміз қол ұстасып «Достық» әнін орындайық. Good by. Сау болыңдар. Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып «Бағдаршам» ойынын ойнайық отырамыз, тұрамыз,жүреміз т.б игерту. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. -Бүгін біз шығармашылық саласынан жапсыру іс әрекетінен «ақпыз, қарамыз, сарымыз» тақырыбында жұмыс жүргіземіз. -Балалар тақтаға назар аударайықшы, мен сендерге жасалу жолымен таныстырамын. Геометриялық пішіндер арқылы құрастырамыз. Құрастырылған пішіндер арқылы дене мүшелерін саламыз. Нүктелер арқылы көзін, мұрнын, аузын сызықша арқылы саламыз. Аяқ қолын таяқшалар арқылы ұстатамыз. Балалар жапсыру жұмысына кірісеміз. Балар біз неліктен үшеуінің қолын бірге ұстаттық? Өйткені олар бір-бірімен тату-тәтті дос болсын дедік Жарайсыңдар. Кім жұмысын аяқтап болды. Жапсыру іс әрекетіндегі еңбектерін бағалау. Ерасыл:Ақ, қара деп алдымен Бөлу болмас адамды Дәстүр, өнер салтымен Таң қалдырған қаламды Бәріміз бір серігіп алайық Бір шаңырақ астында Тату-тәтті тұрамыз «Кәусар«атты бақшада Бірге сайран құрамыз Достықты үлгі санаған Бақшада бірге тұрамыз Балалардан сұрақ-жауап алу «Достық неден басталады, дотыққа не жарасады?» Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді Достыққа адалдық жараса ма? Иә Достық төбелестен бастала ма? Жоқ Достық бірліктен бастала ма? Иә Достық мазақтағаннан бастала ма? Жоқ Қорытынды: Шеңберге тұрып «Ақ көгершін» әнін орындаймыз. Шарларды ұшырып, бейбітшілік құсын қалықтату. Балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде достық, ынтымақ жайлы кең мағұлмат алдық.»Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері сіздерге тыныштық, бейбіт өмір тілейді.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
16.15 Kb
|
Количество скачиваний:
|
26
|
Просмотров: 263
Похожие материалы