«БІЗ БОЛАШАҚ СПОРТШЫЛАРМЫЗ» тәрбие сағаты 2А сынып
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Елубаева Меруерт Гайсеевна
Здесь была ссылка на работу «БІЗ БОЛАШАҚ СПОРТШЫЛАРМЫЗ» тәрбие сағаты 2А сынып автора Елубаева Меруерт Гайсеевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тәрбие сағатының тақырыбы:Біз болашақ спортшылармыз Мақсаты: 1/Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып,денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу керектігін үйрету; 2/Басты байлық -денсаулық екендігін ұғындыру; 3/Оқушыларды тазалыққа баулу,жеке бас гигиенасын сақтауға,әрқашан күн тәртібін орындауға тәрбиелеу. Әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,көрнекілік,топтастыру. Бағыты: дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты тәрбиесі Көрнекіліктер:суреттер,таблица,плакаттар. Жүрісі. І.Ұйымдастыру бөлімі. ІІ.Қызығушылығын ояту. Денсаулық сөзіне топтастыру жасау.Денсаулық деген не? ІІІ.Мағынаны тану. Оқушылар әңгімесі.Адам денсаулығы, денсаулық туралы білетіндерін ортаға салады. Мұғалім әңгімесі. Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнаған П.К.Иванов туралы айтқым келеді.Ол адамдарға көптеген қолжазбалар мен бақылауларын қалдырды.Ол балаларға арнап 12 табиғи шынығу идеясын қалдырды. Олар мыналар: 1.Күніне 2 рет табиғи сумен шомыл.бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді,ұйқыдан оятады. 2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле. 3.Темекі шекпе,ішімдікке әуес болма. 4.Тамақты уақытында іш. 5.Таза ауада қыдыр. 6.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз басты кісілерге.мүгедек жандарға көмегіңді шын көңілмен істе. 7.қызғаншақ болма.Өз бойыңдағы жалқаулықты,қорқақтықты таста.өтірік айтпа.Жаман ойдан аулақ бол. 8.Баршаға саулық тіле. 9.ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама. 10.Ерте жатып ,ерте тұр. 11.Білгеніңді өзгеге айт,бірақ мақтанба.