Cабақтың тақырыбы : Тік төртбұрыштың қасиеті
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдешова Жанна Амангельдиновна
|
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың қасиеті. Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың қасиеттерін таба білуге, көрсетуге және айта білуге үйрету. Топтық,жеке, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындау. Оқушылардың логикалық ойлауын, зейінін қалыптастыру, оқу танымдық ойын іс-әрекетіне қатысуға бейімдеу, есте сақтау қабілеттерін, математикалық ойлауын дамыту,танымдық қызығушылығын арттыру. тапқырлыққа, ізденуге, ұйымшылдыққа, жылдам ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Екі амалмен шығарылатын есептерді әр түрлі әдіспен шешуді көрсетіп береді және қосудың терімділік қасиетін пайдалану туралы қорытынды жасайды, топта ондықтан аттап кестелік қосу мен азайтуға қатысты білімді бекітеді. Типі: Жаңа білімді игерту сабағы.Түрі: аралас сабақ Әдісі: Репродуктивті әдіс: Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту.Сабақтың көрнекіліктері: стикерлер, геометриялық фигуралар, балықтар,плакат, Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, қызықты математика .Жаңа технология: дамыта отырып оқыту сын тұрғысынан ойлау, оздыра отырып оқыту.Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық сәт II.Үй тапсырмасын тексеру 1.Қосудың қасиеттері: ауыстырымдылық және терімділік қайталанды. Есепте ,геометриялық фигураларды көрсет, деген тапсырма арқылы өткен сабақ пысықталды.Дәптермен жұмыс Көркем жазу жазу дағдысы дамытылды. Әр түрлі геометриялық фигуралардан машина , үй, зымыран құрастыру тапсрымасы арқылы оқушы шығармашылығы дамытылды. Оқулықпен жұмыс Фигураларды ата. Фигуралардың бұрыштары қандай? Тапсырмалары берілді. «Тауып көр» ойыны арқылы қызығушылық қалыптастырылды.1-қатарға 2-қатарға 3-қатарға жұмбақ ,жасырылған суреттер, құрастыр, тап сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытты.Балық түрлері: тапсырмасы оқушының қиял ұшқырлығын шыңдады. Келесі ретте : Тік төртбұрышта жазылған әріптерден сөз құрастыр.Қандай операция орындалған? дген сұрақтар арқылы есте сақтау қабілеттері , өткен білімін жаңғырту, өткен сабақпен байланыс дамытылды. Бекіту сұрақтары: 1. Тік төртбұрыш қасиеті? 2. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті? 3. Қосудың терімділік қасиет 4. Тік төртбұрыш ұзын қабырғасы қалай аталады? 5. Тік төртбұрыш бұрышы доғал бұрыш келісесің бе? Деген сұрақтар арқылы сабақ қортындыланып, бекітілді. Бағалау смайликтер беру арқылы жасалды. Үйге тапсырма : 89 беттег есептер шығару.
Мұғалім сабақта топтарға сұрақ қойып, шапшаңдық, жылдамдық, білімділік қимылдарын бақылауды мақсат етеді және есептеу дағдыларын қалыптастырады. Сабақта берілген тапсырмалар оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, еркін сөйлеуге, топта жұмыс жасауға ықпал етеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 120.88 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |