Cептіктерді қайталау .Практикалық жұмыс

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Телефон компьютер

1)Оқушыларға сөйлемдер көрсетіледі. Оқушылар ондағы көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғап жазулары кекрек.

1.Мен Ләзатпен киноға бардым. 2. Сен Мұратпен Алматыға барасың ба? 3.Қаламқас шешесімен қонаққа барды. 4. Біз автобусқа отырып үйге жеттік.5.Жолға шығып таксиге отырдық. 6. Мен үйден шығып мектепке бардым.

ІY.

-Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

-Оқушылардың жауабын тыңдау.

А) Ендеше тақтада тұрғансептіктердің қасына апта күндерін ретімен қойып, сол септіктің жалғауын жазыңдар.

А.с Дүйсенбі

І.с Сейсенбі

Б.с Сәрсенбі

Т.с Бейсенбі

Ж.с Жұма

Ш.с Сенбі

К.с Жексенбі

Б) Балалар, қазақ халқында мақал- мәтелдер өте көп. Олардың тақырыптары, тапқырлығы сан алуан түрлі; Бүгін біз білім мен өнер тақырыбына берілген мақал- мәтеғлдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын ауызша айтайық.

1) Оқу- білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.

2) Білімдінің алды жарық

Білімсіздің күні ғаріп.

3)Өнерліге өлім жоқ

Жалқауға жарық жоқ

2)Өнерді үйрен де жирен

3)Ұяда не көрсең , ұшқанда соны аларсың.

4)Ұстаздан шәкірт озар.

5)Инемен құдық қазғандай.

Y.

1) Әр жұп септікке байланысты ертегі құрастырады.

2) Аудармашылар сайысы. Екі қатардағы оқушыларға біршеше сөйлемдер жазылған карточкалар беріледі. Сөйлемдерді аударып, септік жалғауларын атаулары керек.

І топ:

На столе лежит тетрадь. Я сегодня ходила в магазин. В городе много красивых парков.

ІІ топ:

На вокзале много людей. Самат вчера ходил в музей. В школе большая библиотека.

3) «Жеті септік» өлеңін оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы. Орысша берілген сөзді қазақ тіліне аудар.

Қорытындылау кезеңі. Рефлексия.

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Олар ауызша жауап берулері қажет. Сол арқылы бүгінгі сабақты пысықтау.

1.Бүгін кім кезекші?

2.Мынау кімнің күнделігі?

3.Оқушылар қайда бара жатыр?

4.Мұғалім нені түсіндірді?

5.Кезекшілер кестесі кімде?

6.Кітапты қайдан алдың?

7.Стадионға дейін немен баруға болады?

YІ . Үй жұмысы:

Септік жалғаулары бар мақал- мәтел тауып жазып, жаттап келу. (5)

YІІ. Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.32 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 130

Похожие материалы