Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Сабақтың  мақсаты:      

1.  Білімдік: оқушыларды көшу  операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру.

 3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты оператор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  

 Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Өткенді  қайталау

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру

4.     Пысықтау

5.     Бағалау

6.     Үй  тапсырмасы

Өткенді  қайталау

1.Циклдік алгоритм дегеніміз не?     

2. Циклдің оператордвң неше түрі бпр?

3. If  және Case  операторларының  айырмашылығы неде?

4. Көрсеткіш  қай жерге  жазылады?

5. Таңдау  тұрақтыларының типі  қандай  болу керек?

6. Сase операторын  қалай жабады?

7. Көрсеткіш типі  қандай типтер бола алады?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Turbo  Pascal  тілінде қайталау  процесін  жүзеге асыратын  циклдік  операторлардың үш түрі  бар:  арифметикалық цикл –FOR, шартты  алдын ала  тексеретін  цикл –While  және шартты  соңынан  тексеретін  цикл –Repeat.

Егер шарт алдын ала  циклдегі  операторды  (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе,  онда  While, Repeat    операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы  қайталану саны  алдын ала белгілі  болған кезде қолданылады. 

 While операторы.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды   жүзеге асыратын  бұл оператор  While  (оқылуы:  уаил,  аударылуы:  әзірше) және  DO (оқылуы: ду, аударылуы:  орындау)  түйінді  сөздері  қолданылып  орындалады. 

      Шартын алдын-ала тексеретiн қайталану саны белгiсiз операторы WHILЕ (әзiр) шарт ақиқат болғанда ғана орындалады. Егер  шарт  жалған  болса,  бұл  цикл  бiр  рет те орындалмауы  мүмкiн.  Бұл оператордың жазылу  түрi:

 WHILЕ  шарт  DO оператор   { бiр оператор   қайталанады}  

 WHILE < шарт >  DO

     {бiрнеше  оператор    қайталанады} 

ВЕGIN

              < 1- оператор ;>

              <2-оператор ; >

             < n – оператор;>56

END.

  

 

Мысалдар:

1-мысал.  Евклид алгоритмi бойынша екi натурал санның  ең үлкен ортақ бөлгiшiн

табу (ЕҮОБ).

1) Егер екi сан тең болса, онда ЕҮОБ ретiнде екеуiнiң бiреуi алынып орындалу  

    тоқтатылады.

2) Сан тең болмаса, онда олардың үлкенiн табу керек.

3) үлкен санды, үлкен сан мен кiшi санның айырымына алмастырамыз да,

алгоритмдi басынан бастап қайта орындау керек.

Program ЕҮОБ;

Var m, n: integer;

Begin READLN(m, n);

     WHILE  m<>n  do

          IF m>n  then  m:=m-n

                       else  n:=n-m;

WRITELN(m);

END.

Тапсырма.    қосындысын есептеу.

Program қосынды-1;

Var i, n: integer; s: real;

Begin  readln(n);

          i:=1; s:=0;

  While i<=n do

      Begin   s:=s+1/sqr(i);

                i:=i+2;

      end;

Writeln(‘қосынды =’, s:4:2);

END.  

 

    Жаңа  сабақты пысықтау

Оқушыларға  жеке  нұсқалы,  екі   есепті  компьютерде  шешуге таратылу қағаздары беріледі.  Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы  тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

 

  Ескерту:

·       WHILE  операторындағы циклдің қайталану саны программаның  жұмыс істеу  барысында анықталады. Яғни, қайталану  саны  алдын ала белгісіз болып отырады;

·       WHILE   циклдік  операторындағы  DO  түйінді  сөзінен кейін  ;  нүктелі  үтір  қойылмайды;

·       WHILE  операторының  программада жұмысын  толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті  түрде циклдің орындалуына  қойылған шартқа байланысты ереже  болуы тиісті;

·       егер шарт ең басында  жалған болса,  онда цикл денесінің орындалу  ретінде  WHILE  мүлде орындалмауы мүмкін; 

·       ең соңғы  ескерту  бойынша WHILE  циклі  қарапайым әмбебап цикл болып саналады.

 Бағалау.

Үйге  тапсырма: Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Тапсырма:х€[1; 3]  аралығында ?= 0,2 қадаммен өзгергендегi  y=  функцияның мәнiн тап.

Program қадам;

Var x, y, h: real;

Begin   x:=1; h:=0.2;

      WHILE  x<=3  do

            Begin     y:=sqrt(x+1)-1/x;

                        x:=x+h; end;57

   Writeln(‘y=’, y:4:2);

END.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 155

Похожие материалы