Әдебиеттік оқу. 2 сынып. «Бесік жыры. Тұсау кесу жыры»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Бұл бесік жырының авторы-халық.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп   Абай атамыз айтқандай,балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған.Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазудыбілмеген кезде ән,жыр, күйді балалары естіп,  ұғып алған,оны өз балаларына        үйреткен,сөйтіп осы дәуірге жеткен. Сен сәбиді өлеңмен әндетіп,тербетіп ұйықтататынын білесің. Мұндай жырды «Бесік жыры«деп атаған.Ал бала қаз тұрып жүре бастағанда,ата-анасы тұсау кесу рәсімін жасайды.Ауылдағы пысық,абыройлы адамға баланың тұсауын кестіреді.Осы рәсім кезінде «Тұсау кесу жыры«айтылады. 2.Өлеңді мәнерлеп оқу. 3.Сөздік жұмысы. Күрмеу-баланың аяғына байланған ала жіп. Тақым-тізенің астыңғы,ішкі жағы. 3.Оқушыларға тізбектеп оқыту. Бесік жыры баланы тыныштандырып,жұбатады екен.Балаға жағымды әуенмен айтылады,әуен-сазсыз мәні де,сәні де болмайды.Ендеше, «Бесік жырын» тыңдайық. 4.Сергіту сәті: «Бесік жыры» әнін тыңдату.Слайдтан оқушылардың сәби кезіндегі суретін көрсету. ІІІ.Ой толғау. Сабақты қорытындылау. -Бесік бабамыздан қалған киелі мүлік.Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша,атасы жатқан бесікке баласы,немересі,шөбере,шөпшегін бөлейді. Бесікке салу рәсімін көрсету. 1.«Бесік жырын»  айтып отырған кім?   -Ана. 2.Анасы баласының кім болуын қалайды? Ана тілегі:Ұста, Шешен, Балуан болса екен деп тілейді. 3.Бесік жыры не үшін қажет? -Сәбиді ұйықтату үшін қажет. 4.Өлең неліктен  «Бесік жыры» деп аталған? -Себебі сәбиді ұйықтатуға арналған жыр. 5.Бесікке байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер? -Бесікті сәбисіз құр тербетуге болмайды. -Бесікті бос кезде бүркеулі ұстау керек,ашық ұстауға болмайды. -Өз отбасындағы бесікті біреуге сатуға болмайды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 57.58 Kb
Количество скачиваний: 85
Просмотров: 273

Похожие материалы