Әдебиеттік оқу Абай «Жазғытұры» 3 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ОЖББМ ның бастауыш сынып мұғалімі Шандаева Асия Газизовна Тақырыбы: Абай «Жазғытұры» Мақсаты: оқылған өлеңнің мәнін түсініп айтуға үйрету. Көктемгі табиғат көрінісін бейнелейтін Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді талдау, жаңа сөздерге мән бере отырып, сөз мағынасын балаларға ұғындыру. Сөздік қорын жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Абай өлеңіндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып, балаларды табиғаттың әсемдігін сезінуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Абайдың портреті, көктем мезгілінің суреті, дидактикалық ойын құралдары. Жаңа сөздер: масатыдай, анталаса, сыбдыр қағып, бұлаңдап. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 2.Қызығушылықты ояту. Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай салаға толады, Ағаш басы бүршік ашып, Гүл, бәйшешек толады, Балаларым, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Балалар жауабы: Көктемде. – Дұрыс айтасыңдар.Көктем екенін қалай білдіңдер? – Көктемде қар ериді, гүлдер шығады.Көктемде неше ай бар? – Көктемде үш ай бар (наурыз, сәуір, мамыр).Көктем қай айдан басталады? – Наурыз айынан басталады.Наурыз айында қандай мерекелер бар? – Наурыз айында 8-наурыз Аналар мерекесі, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – жаңа жыл мерекесі бар...Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? – Ағаштар оянады, бүршік жарады.Жердегі қар қандай күйде болады? – Қар еріп, суға айналады.Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі? – Балалардың тақпақтары тыңдалады.Көктемде күннің көзі қандай болады? – Күннің көзі жылы болады.Құстар қайдан келеді? – Жылы жақтан келеді.Қандай құстарды білесіңдер? – Аққу, көкек, үйрек, тырна, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай.Құстарды қалай қарсы алу керек? – Ұя жасап, қарсы алу керек.Құстар нені қорғайды? – Ағаштарды қорғайды.Дұрыс, балалар. Құстар – біздің досымыз.Енді, балалар, «Көктем» деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?К – дыбысын естіп тұрамыз. К дыбысы - дауыссыз дыбыс.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.63 Kb
Количество скачиваний: 82
Просмотров: 308

Похожие материалы