Әдебиеттік оқу "Ата-ананы құрметтеу" (2 - сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                       Қайқаус.  Ата-ананы құрметтеу туралы. 

     Мәтінді оқу,талдау,негізгі ойды ашу.Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру.Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту. 

1.                Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту,қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. 

1.               Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

 

        Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмамыз. Терең демалайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. Бұл бақыт, қуаныш жарығы. Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі. Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сендердің аталарың, әкелерің, әжелерің, аналарың. Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес. Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер жап-жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер, өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.28 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 201

Похожие материалы