Әдебиеттік оқу. Әдібай Табылдиев «Күз кереметі» 3-сынып.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
-Балалар, міне біздер маужыраған  барқыт  күздегі  ауыл  және  күздегі  табиғат  өзгерістері  жайында  түсінік  алдық.  Енді бүгін  сіздермен  күз  кереметтері  жайында  түсініктер  аламыз.  Бүгінгі  тақырыбымыз  Әдібай  Табылдиевтің  «Күз  кереметі»  әңгімесі.  Тақтамен  жұмыс. Автор  туралы  түсінік.   Әдібай  Табылды-белгілі  педагог,  ақын,  жазушы,  ғалым,  Қазақтың  мемлекеттік  әл- Фараби  атындағы  Ұлттық  универси-тетінің  профессоры  Әдібай  Табылды   1926  жылы  2-қаңтарда  Жамбыл  облысы,  Тұрар  Рысқұлов  ауданы,  Жаңа  тұрмыс  ауылында   дүниеге  келген.  Балаларға  арналған  «Бөбекке  сөз»   (1959) атты  жинағынан  бастап   көп-теген өлеңдер  мен  қысқа  әңгімелер,  скетчтер,  эпиграммалар  жинақтары  жарық  көрді.  «Алыптардың  алабы»,  «Бәрекелді»,  «Кірпі», «  Ғажайып  бақ»  сияқты  ертегі-пьесалары  республикалық  қуыршақ  театрында  қойылды.   2001  жылы  «Қазақ  этнопедагогикасы»  атты  оқулығы  үшін  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  республикалық  сыйлықты  иеленді.   Періште  жүрек  ақынның  тәп-тәтті  өлеңдері  о  бастағы  табиғилығынан  айныған  емес.  Оған  «Қайырлы  таң,  балалар!»  атты  жыр  жинағындағы  өздеріңе  ұсынылып  отырған  өлеңдері  куә.Оқулықпен  жұмыс.  А)  Мәтінді  мәнерлеп  оқу:(Интерактивті тақтамен бірге еріп оқушылар хормен оқып шығады)-Олай болса бұл әңгіме кімдер туралы,не жөнінде екені туралы қысқаша проблемалық сұрақтармен тиянақтау.Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:-Ендеше,күз  дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық,  картоп,  жүгері,  күнбағыс, карбыз, кауын, алма, өрік,жүзім. Осының  бәрі  күзде  әбден  пісіп-жетіледі.Әне  қараңдаршы!  Дала  да,  егін  де,  тоғай  да-бәрі  де  сап-сары.  Сондықтан  далалық  күзді  «алтын  күз» дейді.  Екіншіден,  күз-ет  пен  май.  Малда  да  аң  да, құс  та  күзге  дейін  әбден  семіріп  болады.  Күз -  қауырт  жұмыстың  кезі.  Қылышын  сүйретіп  келе  жатқан  қысқа  дайындалатын  кез.  «Күздің  бір  күні  қыстың  бір  айын  асырайды».  Күзде  аянбай  еңбек  етсең,  қыста  қысылмайсың.  Қысқа  адам  да,  аң  да,  барлық  жан-жануарлар  да  дайындалады.  Күзде  жыл  құстары  жылы  жаққа  қайтады,  сөйтіп  олар  да  қыстан  аман  шығуға  әрекет  жасайды.  Күзде  күн  қысқарып,  түн  ұзарады,  жауын-шашын  көбейеді.  Міне,  сондықтан  да  күздің  осындай  әрбір  ашық  күнін  пайдаланып,  мол  өнімді  тез  жиып  алу  керек.  Балалар  атасына  қызықты  әңгімесі  үшін  көп-көп  рахмет айтты.  Сол  күні  түстен  кейін  және  ертеңіне  түске  дейін  олар  бізге  қауын,  қарбыз  жиюға  көмектесті.     
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 67 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 227

Похожие материалы