Әдебиеттік оқу пәнінен "Мектеп- біздің анамыз" сабақ жоспары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайдарова Самал Амангельдиновна
|
Павлодар облысы
Май ауданы
Жұмыскер ауылы
Қазан жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Шонова Гүлнара Қабдрашқызы
Пән: әдебиеттік оқу
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы : Мектеп- біздің анамыз
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңнің мазмұныны ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, мектепке оқуға деген қызығушылығын ояту.
2.Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, ақыл- ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
3.Білімділікке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дамытушылықсабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түртіп алу, бес жолды өлең жазу, топпен жұмыс стратегиясы.
Сабықтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту.
«Ой қозғау» стратегиясы
Жұмбақтар шешіледі.
Көп әңгіме , өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де жақсы көремін.(Кітап)
Бір қойым бар, қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адаммен сөйлесер
Ақылы бар, жаны жоқ.
Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген,
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен(Кітап)
Ә) Мағынаны ажырату, тани білу.
«Түртіп алу» жүйесі бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Мәтінді оқушыларға оқу, тиісті белгілерді қойып анықтау.
Мәтінді оқып болған соң, жазғандары мен белгіленген сөздерін дәптердегі кестеге толтырады. Содан соң жеке, топта, жұпта талдап оқып, талдайды..
4. Сөздік жұмысын жүргізу.
Күкірт- сарғыш, қоңырқай түсті тұтанғыш зат.
Мәтінді жекеленген оқушыларға түсіне отырып оқыту. Үш оқушыға рөлмен бөліп оқыту. Анық және қатесіз оқуға назар аудару.Әңгіменің мазмұнына сай сұрақтар қойылады.
-Әңгіменің басты кейіпкері-Жанна қандай мақалды оқыды?
-Әкесі мақалдың мағынасын қалай түсіндірді?
-Жанна қолына жағылған сияның дағын кімнің ақылының арқасында кетірді?
-Білімқұмар баламен дос болғың келе ме?
5.Сабақты қорытындылау.
А) Ой толғаныс
«Менің білегендерім» атты тақырыпқаойдарын айтқызу. Бір-бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Кім? Бала
2.Қандай? Білімді, тәртіпті, ақылды
3.Не істеді? Болды, үйренді, оқыды.
4.Сөз тіркесі. Бала білімді, балаүйренді, бала оқыды.
5.Айжан білімді, ақылдыболды.
6.Үйге тапсырма: «О, менқандай білімді болдым»деген тақырыпта әңгіме жазып келу.
7.Бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.67 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |