Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін бағалау
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каббасова Кунсулу Бастамиевна
|
Доклад
Оқыту технологиясының бір ерекшелігі-оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни,жадының алуан түрлерін ( есту,көру,қимыл және т.б.) ,ойлауды,ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін,өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас,ойын танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 68.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |