Деңгейлік тапсырмалар
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Талипова Гульвира Ермантаевна
|
8 –сынып
Алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың 7-сыныпта меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, сауатты жазу деңгейлерін тексеру.
Аттану
Күн ала бұлтты болатын. Махмұт ол-пұлын дәріс берген шәкірт бала Көксегенге жинатып, аттаныс қамына кірісіп жатқан. Аядай есіктен еңгезердей болып біреу кірді. Шағиман шал екен.
-Сіз екенсіз ғой, ақсақал. Төрлетіңіз.
-Немене, жүрмекшімісің?
-Иә, ақсақал, ондай ой бар.
-Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай-күйіңді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы деп ойлама. Өзімнің құлай ұнатқан балам едің. Жалғыздық басыңа түскенде қол ұшын бере алмадым.
- О, не дегеніңіз, Шәке.Сізге не деп өкпе айтайын? Тілеуім ақ,көңілім пәк, аунадым, қунадым. Бір қауым шаруамды бітіріп алдым.
-Әй, Махмұт–ай, сипақтатып қайтесің? Маңдайымызға сыйдыра алмадық қой. Білместік. Жә, аттанам дейсің, астында атың да жоқ. Баяғыда Жазатырдан өзім әкеліп едім, енді барар жеріңе апару да міндетім секілді. Атаңның атын мініп кет, Махмұт.
-Жоға, о не дегеніңіз, ақсақал! Жалғыз торыңызды маған түсіп беріп...
-Уа, садағаң кетейін! Сөзді қой, шырақ. Мініп кет! Атаң екі сөйлемейді. (О.Бөжей, 150 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
І нұсқа
1) Сөйлем мүшесіне талдау, сөз тіркестерін анықтап, байланысу түріне, тәсіліне, білдіретін қатынас түріне қарай ажыратыңыздар.
Аядай есіктен еңгезердей болып біреу кірді.
2) Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Тілеуім ақ ,көңілім пәк, аунадым, қунадым
3)«Сыйластық – адамгершілік қасиет» атты шағын ойтолғау жазыңыздар.
ІІ нұсқа
1.Сөйлем мүшесіне талдау, сөз тіркестерін анықтап, байланысу түріне, тәсіліне, білдіретін қатынас түріне қарай ажыратыңыздар.
Жалғыздық басыңа түскенде қол ұшын бере алмадым.
2.Асты сызылғансөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Жалғыз торыңызды маған түсіп беріп...
3. «Сыйластық – адамгершілік қасиет» атты шағын ойтолғау жазыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.3 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |