Сабақ жоспары "Бос уақытым"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Гульнара Кайыргельдиновна Жакиянова
|
Бос уақытым
Біздің мектепте өте жақсы білім береді. Соған қоса мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Сабақ біткесін оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Қыздардың көбі «Табиғат достары» үйірмесіне жазылды. Бүгін олар өз қолдарымен аквариум жасады.
Ал ұлдар футболға қатысады. Айжан мен Орал музыка үйірмесіне жазылды. Осы үйірме жақында ашылды. Біздің мектептегі өміріміз өте қызықты. Әрқайсымыз сабаққа да, үйірмелерге де белсене қатысып отырамыз.
Мен Асқар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Асқар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 103 Kb |
Количество скачиваний: | 41 |