Сөзжасам 5-сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Талипова Гульвира Ермантаевна
|
Сабақтың тақырыбы: СӨЗЖАСАМ
Мақсаты: Сөзжасам, қазақ тіліндегі сөздердің жасалуы туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сөзжасамның ережесін біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)
2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. (Көпшілігі)
3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.
(Талантты және дарынды оқушылар)
Керекті жабдықтар:
Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Ыстық орындық», «Стикердегі диалог» әдістері арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: 2 мин Сыныппен амандасамын. Сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлемін. Сәлемдеседі. 3 топқа бөлініп отырады.
Дәптерлерін ашып, партаның шетіне қояды.
Тұсаукесер:
3 мин
Сөзжасамды сөздерді ашатындай суреттер көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтатамын.
- Бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз?
- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар?
- Сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы.
Ой қозғаймын.
Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.
Жаңа тақырып: «СӨЗЖАСАМ» Әрқайсысы суреттерді әңгімелейді, сыни ойлайды, ойын тұжырымдайды, суреттерді тақырыппен байланыстырады.
Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады.
Сабақ мақсатын анықтайды:
Сабақ критерийлерін шығарады:
• Сөзжасамның ережесін білу
• Жасалу жолдарын анықтау
• Мысал келтіре алу
• Қолдана алу
Негізгі бөлім:
5 мин Тақырыпқа байланысты ресурстар таратып беремін.
Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негіз-гі түсініктерді талдап, түсіндіреді, оқу техникасын дамы-тады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйре-неді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.
29 мин
Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау. Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.
Білу: «Ыстық орындық» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
Түсіну: «Стикердегі диалог» әдісімен сұрақтар дайындату, жауап бергізу.
Қолдану: Өз мысалдарын келтірту.
Талдау: 355-жаттығу жұмысын орындату.
Жинақтау: Тест тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту.
Бағалау: Тақырып бойынша алған білімдерін форматифті бағалату. Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.
Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орын-дыққа» отырады, қалған топ оқушылары тақырып бойын-ша сұрақ қояды. Оқушы жауап бере алмаса, тобы көмекке келеді.
Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.
Қорытынды:
1 мин
5 мин Үйге тапсырма:1. Ережелерді қайталау. Мысалдар келтіру. 2. 356, 358 – жаттығулар.
3. Тест құрастыру.
Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Сабақтың өзіндік талдауы: сабақтың кіріспе бөлімінде сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлдін. Тұсаукесерде сөзжасамды ашатындай суреттер мен мысалдар көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтаттым да, бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз, біздің сабағымызға қандай қатысы бар, сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы деген сұрақтар қойып, ой қозғаттым. Сабақ Блум өлшемдеріне негізделіп құрылды. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып, кретерийін құрдық. Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар берілген тақырыпты белсенді оқыды, топта түсінгендерін айтты, «Ыстық орындық» әдісімен меңгерді. Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орындыққа» отырды, қалған топ оқушылар тақырып бойынша сұрақ қойды. Оқушының жауап бере алмаған сәттерінде тобы көмекке келді. Сабақта әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндірді, оқу техникасын дамытты, алған білімдерін пысықтады, өмірде қолдау жолдарын үйренді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындауда дарынды оқушылар жетекшілік етті. Оқушылар «Стикердегі диалог» әдісімен тақырып бойынша сұрақтар дайындап, жауап берді, өз мысалдарын келтірді. Тест тапсырмасымен тақырыптан алған білімдерін жинақтап, сабақ соңында алдын ала берілген топтық, жұптық үлгімен формативті бағалады.
Сабақтан алған білімдері мен әсерлері туралы рефлексия жазып тапсырды. Мен өз тарапымнан қойған бағаларына түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтып өттім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 59.43 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |