"Әжеге гүл сыйлаймыз" атты сабақ жоспары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каленова Гульмира Султанбековна
|
Мақсаты:
Білімділік: қиылған дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге. Әжелеріне гүл жасауды үйрету, гүлдердің атымен таныстыру.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа үйрету, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сөздік жұмыс: жауқазын, гүлдің сабағы.
Көрнекілігі: гүлдер, жапырақтар, құмыра, гүлдердің суреттері,қағаз, желім.
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңберге балаларды тұрғызып бір-бірден гүл таратады.
-Балалар енді сендер гүлдеріңді, менің қолымдағы керемет құмыраға салып, деген жылы тілектеріңді айтсаңдар, бұл гүлдер құлпырып кетеді. Өйткені бұл сиқырлы құмыра. Сендер жақсы тілек білесіңдер ме?
- Ия, білеміз.
- Қане тілектеріңді айтып, гүлді құмыраға сала қойыңдар.
Тәрбиеші:-Балалар , гүлді жұлуға болмайды ғой, гүл деген әдемі, оны күтіп-баптау керек, су құйып өсіру керек.
Балалар тілектерін айтып гүлдерді құмыраға салады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.15 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |