Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. 10 класс
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Китанов Аскар Серикбаевич
|
Класс: 10(гум)
Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру және тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз беімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: есептер, тесттер, билеттер, баллистикалық пистолет Сабақтың әдісі: Шығармашылықпен зерттеу, тез ойлауға үйретуге, мәселелер қоя білуге үйрету әдістері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Дене импульсі. Күш импульсі
2. Импульстің сақталу заңы
1.Есеп. Горизонталь бағытта υ0 = 10 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната екіге бөлініп кетті. Оның бір бөлігіне массасы m1 = 1 кг , екіншісінікі m2 = 1,5 кг. Екінші бөлігінің ұшы бағыты бұрынғы қалыпында қалды, оның жылдамдығы υ2 = 25 м/с – ке жетті.Бірінші бөлігінің жылдамдығы мен ұшу бағытын тап?
Берілгені:
m1= 1кг
m2=1,5 кг
υ2 = 25 м/с
υ0 = 10 м/с:
υ1-?
шешуі
(m1+m2)υ0=m1υ1+m2υ2
m1υ1=(m1+m2)υ0 - m2υ2
υ1 = (m1+m2)υ0 - m2υ2/ m1
2.Массасы 4 кг дене 8 м биіктіктен түседі . Осы дене импульсінің өзгеруін табыңдар.
Тест тапсырмалары :
№1. Қандай физикалық шамалар кг*м/с өлшем бірлігімен өлшенеді ?
А) Күш В) Қуат С) Энергия Д) Күш моменті Е) Импульс
№2. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергияны қандай бірлікпен өлшейді ?
А) Кг В) Дж С) кг* м/с Д) Н Е) Вт
№3. Импульстің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді ?
А) a = F/m В) F*t С) P = mv Д) mv2 Е) F =ma
№4.Күш импульстің өрнегін көрсет?
А) FΔt В) Fv C) FS Д) F/m Е) F/S
№5. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады ?
А) Жүйедегі барлық денелердің импульсі азаяды
В) Жүйе импульстерінің қосындысы нөлге тең .
С) Жүйе импульстерінің қосындысы тұрақты болады
Д) Тұйықталған жүйелерде
№6. Физикадағы сақталу қасиетіне ие болатын шамалар бар .Механикада қарастырылған қандай векторлық шаманың осындай қасиеті бар ?
А) Күш В) Импульс С) Үдеу Д) Жылдамдық
№7. Массасы 1 кг дене түзу сызықты қозғала отырып , өзінің жылдамдығын 10 м/с – тен 20 м/с – ке дейін өзгертеді . Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек .
А) 5кг * м/с В) 15кг * м/с С) 10кг м/с Д) 100кг* м/с
Е) 1 кг* м/с
ІV. Пысықтау сұрақтары
1. «Импульс» дегеніміз не ?
2. Дене импульсі дегенімз не ?
3. Күш ипульсі дегеніміз не ?
4. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?
5. Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?
6. Айдың массасы неге тең ?
7. Тұңғыш рет Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды ?
8. Жердің массасы неге тең ?
9. Қазақстандағы ғарыш айлағының аты ?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.78 Kb |
Количество скачиваний: | 57 |