Дене шынықтыру пәнінен ашық тәрбие сабақ "Ұлттық ойын. Асық." (9 сынып)
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Айтбаев Газиз Жамалович
|
Тақырыбы: Ұлттық ойын. Асық.
Мақсаты:
1. Асық ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ойынды ережеге сай ойнату.
2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту
3. Оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Өтілу орны: спорт зал
Мерзімі: 04.02.2015 жыл
Қатысушы құрамы: 9- сыныптар
Құрал-жабдықтар: асық, проектор, ойын алаңы
Іс-шараның барысы:
1. Қатысушылардың назарын аудару
2. Мұғалім сөзі:
-Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой,
Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.
Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-
асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 556.54 Kb |
Количество скачиваний: | 94 |