Дербес компьютердің негiзгi сыртқы құрылғыларының қызметі
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Ерженбек Асылбек Ержанбекулы
Здесь была ссылка на работу Дербес компьютердің негiзгi сыртқы құрылғыларының қызметі автора Ерженбек Асылбек Ержанбекулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Дербес компьютердің негiзгi сыртқы құрылғыларының қызметі Пернетақта компьютерге ақпарат енгiзу және басқару сигналдарын беру үшiн қолданылады. Онда алфавиттi-цифрлiк стандартты пернелер мен қосымша – басқару және функционалдық, курсорды басқару пернелерi және кiшi сандық пернелiк тақта бар. Курсор – монитор экранында жанып тұратын символ, ол пернелiк тақтадан енгiзiлетiн кезектi белгiнiң позициясын көрсетедi. Пернелiк тақтада терiлетiн символдан бiрден мониторда курсор позициясында бейнеленедi. Қазiргi кезде QWERTY (“кверти”) реттi 101 пернесi бар пернетақта кең таралған. Оның QWERTY деген аты алфавиттi-цифрлiк бөлiгiнiң жғарғы сол бұрышында орналасқан пернелер атынан шыққан. Мұндай пернетақтаның жоғарғы шетiнiң бойымен орналасқан 12 функционалдық пернесi бар. Функционалдық перненi басу компьютердiң бiр ғана символ емес, символдар жинағын жiбередi. Пернетақта iшiне арнайы қойылған буфер бар, ол дегенiмiз енгiзiлген символдар орналасатын шағын өлшемдi өтпелi жад. Буфер толып кеткен жағдайда перненi басқанда дыбыстық сигнал естiледi, бұл символдың енгiзiлмегендiгiн бiлдiредi. Пернетақтаның жұмысын BIOS-қа “тiгiлген” арнайы программалар, сондай-ақ пернетақта драйверi қолдайды, ал орысша әрiптердi енгiзу мүмкiндiгiн, пернетақта жұмыс жылдамдығын басқаруды және т.б. қамтамасыз етедi. Манипуляторлар (тышқан, джойстик және т.б.) – бұл курсорды басқару үшiн қолданатын арнайы құрылғы. Тышқан алақанға сиып кететiн қорапша түрiнде болады. Тышқан компьютермен кабельмен арнайы блок адаптер арқылы байланысқан және оның қозғалыстары дисплей экранындағы курсордың сәйкес орын ауыстыруларына айналады. Құрылғының үстiңгi бөлiгiнде басқару батырмалары орналасқан, олар қозғалысты бастап, аяқтауға, меню таңдауға мүмкiндiк бередi. Джойстик - әдетте бұл стержень – тұтқа, оның вертикальдық күйден қисаюы курсордың монитор экранында сәйкес орын ауыстыруына әкеледi. Компьютерлiк ойындарда жиi қолданылады. Кейбiр модельдерiнде оған қысым көрсеткiш датчиктер орнатылады. Бұл жағдайда тұтынушы тұтқаға қатты басқан сайын, курсор дисплей экраны бойымен тез қозғалады. Трекбол – корпусының жоғарғы бөлiгiне салыған шаригi бар қорапша. Тұтынушы қолымен шариктi айналдырады және сәйкесiнше курсорды қозғалтады. Тышқаннан өзгешелiгi трекболға компьютер жанынан бос жер керек емес, оны компьютер корпусына орнатуға болады. Дигитайзер – дайын көрiнiстердi (сызбалар мен карталарды) сандық формаға айналдыратын құрылғы. Оның түрi жазық панель – планшет сияқты. Ол стол үстiнде орналасады, онымен бiрге арнайы аспап – қалам бар, оның көмегiмен планшеттегi позиция көрсетiледi. Қаламды планшет бетiмен жылжытқанда оның жақын орналасқан нүктелердегi координаттары бекiтiледi, олар артынан компьютерде қажеттi өлшем бiрлiктерiне айналады. Компьютер бейнежүйесi үш құрама бөлiктен тұрады: - монитор (дисплей); - бейнеадаптер; - программалық қамтама (бейнежүйенiң драйверлерi). Бейнеадаптер мониторға сәуле жарықтығын басқаратын сигналдар мен жолдық және кадрлық жайылым синхросигналдарын жiбередi. Монитор бұл сигналдарды көру бейнелерiне айналдырады. Ал программалық құралдар бейнекөрiнiстердi өңдейдi – сигналдарды кодтау мен қайта кодтауды орындайды, координаталық өзгерiстер көрiнiстердi қысуды және т.б. жасайды. Монитор – ақпаратты визулды көрсету құрылғысы (мәтiн, кесте, сурет, сызба және т.б. түрiнде). Мониторларды басым көпшiлiгi электронды-сәулелi түтiк (ЭСТ) базасында құрылған және олардың жұмыс iстеу принципi теледидардiкiне ұқсас. Монитор алфавиттi-цифрлiк, графикалық, монохромды және түстi көрiнiстi болады. Қазiргi компьютерлер әдетте, түстi графикалық мониторлармен бiрге қойылады. Дисплейдiң негiзгi элементi – электронды-сәулелi түтiк. Оның алдыңғы көрерменге қараған жағы iшкi жағынан люминоформен - өзiне жылдам электрондар түскен кещде жарық шығаратын арнайы затпен қапталған. Монитордың сыртқы кұрылысы және электронды-сәулелi трубка болады. Люминофор негiзгi үш – қызыл, жасыл, көк түстердiң жиынтығы түрiнде жағылады. Бұл түстердiң негiзгi дейтiн себебi оларды бiр-бiрiмен үйлестiру арқылы спектрдiң кез-келген түсiн алуға болады. Люминофор нүктелер жиынтығы үшбұрышты триадалар бойында орналасады. Триада пиксел – көрiнiс қалыптасатын нүктенi құрайды (ағылш. pixel – picture element, сурет элементi)..