Диспут на тему "Положительные и отрицательные стороны раннего брака"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Ерте жастан шаңырақ көтеру артықшылығы мен кемшіліктері»
Мақсаты:
1. 12 - 16 жас аралығында  ерте  жастан шаңырақ құрудың зардаптарын үнемі айтып, ескертіп отыруымыз керек.
2. Өз уақытысы келгенде, жасы толғанда отбасы құрып, шаңырақ құруду  жоспарлауға үйрету, заман ағымынан, уақыт талабынан қалмауды үйрету. Үй болудың жағымды жақтарын көрсету, өзін - өзі тәрбиелеу, өз басын құрметтеуге үйрету.

Мұғалім:

             Сәлеметсіздер ме  құрметті  мектеп мұғалімдері және оқушылар!

Бүгінгі өткізіле жатқан «Ерте жастан шаңырақ көтеру артықшылығы мен кемшіліктері» атты пікірталасқа хош келдіңіздер!

 «Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды­ бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан жайы бар.                     

Бүгінгі таңда 14 - 15 жасар ұл - қыздар үйленіп жатыр. Бұл қоғамды ойландыратын мәселе. Енді олардың болашағы не болады. Тамырына балта шапқан жағдаймен тең ғой. Өмірдің қызығы мен шыжығын көрмей қыз ерте жүкті болады. Ол оқу оқып, диплом алмайды ма. Белгілі маман иесі боп шықпайды ма? Үйленерін үйленді - ау! Кім асырайды оларды. Жігіттің жұмыс жасауына жасы да, тәжірибесі де жетпейді.

 

Ата - аналарының алақанына қарап отырады ма. Көңілді күндер оларды өте сирек күтеді. Міне ерте үйленгеннің кемшіліктері мен қиындықтары.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.81 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 127

Похожие материалы