«Діни экстремизм және жастар» тақырыбындағы ойталқы
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Оразакынова Майгул Батырхановна
|
«Діни экстремизм және жастар» тақырыбындағы ойталқы
Мектептегі тәрбие берудің сапалы деңгейі – нәтижеге негізделген мазмұны және құрылымы жаңа өзгерістегі тәрбие жүйесіне тікелей байланысты. Оның негізгі көрсеткішіне тәрбиеленушінің өмірлік өзіндік ұстанымы мен еңбек етуге саналы таңдау жасай білуі жатады. Бұл оқушыға дара тұлға ретінде қарауды талап етеді. Ал оқушының дара тұлғалық сапалары оның бойындағы бейімділік, икемділік негізінде айқындалады.
Бұл тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесі және негізгі көптеген әлеуметтік салаларға қатысты функцияларды орындауымен сабақтасады.
Мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері:
- Білім бере отырып жеке тұлғаның азаматтық бейнесін қалыптастыру;
- Өз ана тілін сүйетін салауатты, әрі саналы тұлғаны қалыптастыру;
- Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерген өркениетті ұрпақ тәрбиелеу;
- Оқушылардың интелектуалдық даму қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын ұстана отырып дамыту;
- Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу;
Оқушылардың саяси сауаттылыққа, өз құқықтарын білуге, ҚР рәміздерін, заңдарын қастерлеуге байланысты мектепте мына төмендегі
іс- шаралар атқарылады:
- Құқықтық саяси – мәдени және құқық бұзушылықтың алдын алу, коммуникативтілікті қалыптастыру айлығын жүргізу;
- 1 қыркүйекте «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тәрбие сағаттарын өту;
- «Бақытты отбасы» , «Мен және менің жанұям» тақырыптарды сынып сағаттары өткізу;
- Оқушылар арасында «Діни экстремизм және жастар», «Имандылық қасиет қалыптастыру», «Мен және мені қоршаған әлем» т.б. тақырыптарда жиналыс өткізу;
- «Қ.Р. Бала құқықтары туралы заңы», «Заң және жасөспірім» , «Заң баптарын білесің бе?» атты тақырыптарда құқық қызметкерлерімен жиі кездесу ұйымдастыру;
- «Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі құқықтары мен міндеттері», «Бала тәрбиесіндегі отбасы ролі», «Дін туралы не білміз?» атты тақырыптарда ата- аналар жиналысын жасау;
Осындай іс- шараларды жүргізу нәтижесінде оқушылар бойында патриоттық тәрбие қалыптастыруға болады. Соның бірі- қазіргі қоғамда үлкен мәселе тудырып отырған- «Діни экстремизм» мәселесі. Жастардың дұрыс жолға түсуіне ықпал ететін мектеп пен ұстаздар екені анық, ендеше сол жастардың әртүрлі секталардың құрбаны болмас үшін мектепте санасын ояту керек. Ол үшін әртүрлі кездесулер ұйымдастыра отырып, дұрыс бағыт беру керек. Ата- аналардың да орны ерекше. Өз баламыздың қандай ортада, кімдермен қарым- қатынас жасайтынын үнемі қадағалап отырсақ, бізге келер қауіп жоқ.
Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектеп
директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Оразахынова М.Б.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 34 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |