Дүниетану. Пайдалы қазбалардың түрлері. 3 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жансеитова Жазира Жанабиловна
|
3 сынып
Дүниетану. Сабақ №
Мұғалім: Жансеитова Жазира Жанабиловна
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қолданылуына қарай пайдалы қазбалардың үш топқа бөлінетіндігі
жайлы түсінік беру. Әр топтың анықтамасы мен оған енетін
пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Тау жыныстары жинағы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Базалық білім: Жанғаш пайдалы қазбалар. Кен пайдалы қазбалары. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Олардың өндірілетін жерлері.
Тірек білім: Тау жыныстары. Пайдалы қазбалар жайлы білетіндері.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
А) мәтінді тұтас оқу.
ә) Мәтінді бөлімге бөліп оқу.
Пайдалы қазбалар
Жанғаш
пайдалы
қазбалар
Кен
пайдалы
қазбалары
Кенге
жатпайтын
пайдалы қазбалар
Сарамандық жұмыс.
Қазақстан картасынан Қарағанды, Екібастұз көмір бассейндерін, Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау мұнайлы ауданын, Жезқазған мен Қоңырат кен орындарын, Қаратау фосфорит кен орындарын т ап.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.36 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |