Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Жердің   Күнді өз білігінен айналуы .
Мақсаты:
Білімділік мақсаты:  Оқушыларға  Жердің өз білігінен айналуы  туралы түсінікті  ұғындыру. Глобус туралы алған білімдерін  бекіту ;
Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылықтарын , бақылу, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Ғаламшарымызда тіршіліктің жойылмауына , табиғатты қорғауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру   
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жекелей, жұптық және ұжымдық оқу
Көрнекіліктері: белсенді  тақта, карта , глобус, суреті  , тест тапсырмалары
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру,  жұптық жұмыс, ой қозғау
                                Сабақтың барысы:
 І.  Ұйымдастыру кезеңі   
Психологиялық дайындық
Айнала қандай тамаша,
Зер салып оған қарағын.
Орман, өзен, көк майса,
Жер-Ана бұл, қарағым!

II. Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырып бойынша топтастыру жасау  жұппен жұмыс

 
III. Өткен тақырыпты бекіту
 Тест тапсырмалары арқылы/слайд бойынша/
(Тесті орындау, жұптағы бала тексеру , ұпай белгілеу)
 1.Глобус  сөзі қандай тілден шыққан, қандай ұғымды білдіреді?     
    а/ латын, шар         в/ грек, дөңгелек        с/араб, домалақ
2. Глобуста қандай түс басым?
    а/ көк        в/жасыл        с/ сары         д/қоңыр
3. Жердің дөңгелек екенін алғаш зерттеген  саяхатшы  кім?
    а/ Ұлықбек     в/Магеллан        с/ Колумб    д/білмеймін
4. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?
    а/ 4/3         в/  3/2        с/жартысын
5.  Глобусқа байланысты ұғымдардың астын сыз
    экватор, диаметр, меридиан, ені, параллель, ұзындық, градус торы,     шаршы, полюс, плюс.
6.Жер шарындағы шексіз созылып жатқан су қоймаларын қалай атайды?
    а/ теңіз        в/ өзен         с/ мұхит
7.Сумен қоршалып жатқан құрылықтар қалай аталады?
    а/ облыстар     в/ материктер         с/республикалар
8.  Глобусты екіге бөліп қарғанда қалай атауға болады?
    а/  оң жартысы, сол жартысы      
    в/ батыс жарты шар, шығыс жарты шар      
9.Глобус не үшін керек ?
    а/ бақылау, зерттеу    в/ жерді тамашалау    с/ ойнау      
10.Қазақстан қай материкте орналасқан ?
    а/ Еуразия    в/ Африка     с/Антарктида     д/Америка
1. а     2. а   3. в   4. а   5. экватор, меридиан, параллель, градус торы, полюс.
6. с   7. в      8. в    9. а      10. а

IV . Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Жасыл желек жамылған,
Жер дөңгелек бір әлем
Асқар-асқар таулары,
Сылдырап аққан сулары.
Сан алуан гүлдері
Жан –жануар бәрі бар
Бұндай планета қайда бар?

Сөзжұмбақ  шешу.
1.    Күннің  шығу   уақыты
2.    Ғарыш сөзінің синонимі
3.    Ең үлкен материк
4.    Аспан денелері
5.    Жерде  не бар ?
6.    Жер бетінің қағаз бетінде бейнеленуі не?

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

V. Мағынаны тану 
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді оқушылар іштей оқиды, бір –бірімен мағлұматтарымен алмасады
Қосымша мағлұматтармен жұмыс
Түртіп алу (оқулықпен , дәптермен жұмыс.)
     
Жердің  осі -  жердің  кіндігі  не  жердің  білігі деп аталады. 
    Жер өз білігінен батыстан шығысқа  қарай  айналады .
    Жердің өз білігінен бір рет айналып шығуына кететін уақыт тәулік  деп  аталады .  Тәулік деп 24 сағатты айтамыз.

VІ.Қорытындылау Картамен жұмыс (Тәжірибе көрсету)
Игерген білім – білік дағдыларын әртүрлі тапсырмалармен  қорытындылау (слайдтармен жұмыс)

VІІ.Үйге тапсырма
1.    Мәтінді оқу, сұрақ дайындау 
2.    Сөзжұмбақ құрау 

VIІІ.Рефлексия 5 жол өлең
1жол : 1 зат есім                                           
2жол:2сын есім:                                           
3жол: 3 етістік:                                            
4 жол: 4 сөзден құралған сөйлем:                            
5 жол: сөз тіркесі :                                       

ІХ. Бағалау/бағалау парағы бойынша оқушылардың бағалауы/




Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 107.41 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 118

Похожие материалы