Үй жануарлары мен құстары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Диктанттар жинағы.

Тақырыбы :Үй жануарлары мен құстары 

 

Түйенің мойны ұзын. Екі өркеші бар. Құйрығы қысқа болады. Түйенің өркешіне кісілер отырады. Түйе күшті мал. Оны арбаға жегуге болады. Түйе шөлге шыдамды. Адам түйенің етін жейді. Сүтінен шұбат жасайды. Түйенің сүті қою және тоқ болады. Түйе жүні ең бағалы жүн болып саналады. Онда қымбат маталар тоқылады. Матадан польто, костюм тігеді. (51 сөз).

 

Аса пайдалы малдардың бірі – қой. Қой адамға әрі тамақ, әрі киім болады. Қойдан ет, май, сүт, жүн, тері алынады. Қойдың сүтінен айран, ірімшік, май, құрт жасайды. Қойдың жүнінен мата тоқиды. Матадан қымбат киімдер тігеді. Қойдың терісінен бас киім, тон тігеді. Қой етінен шұнық, сүрленген еттер жасайды. (47 сөз).

 

Қаз, үйрек, тауық, түйетауық – үй құстары. Үй құстарының еті дәмді болады. Құс етін пісіріп те, қуырып та жейді. Олардың жүндерінен мамық жасайды. Мамықтан жастық жасайды. Үй құстарының жүні жеңіл, жұмсақ болады. Үй құстарының жұмыртқасы пайдалы. (36 сөз).

Алмас мектептен шықты. Ол сабақтан соң үйге келе жатты. Алмас әжені көрді. Ол жолмен ақырын басып келе жатты. Әженің бір қолында таяғы бар. Ал екінші қолында суы тола шелек. Алмас жүгіріп барып әженің шелегін алды. Ол әжені үйіне дейін апарып салды. Шелек толы суынәженің үйіне кіргізіп берді. Әже алғыс айтты. (52 сөз).

 

Автобус тоқтайтын аялдама. Автобус келіп тоқтады. Кәрі әже автобусқа мінді. Оның қолында сумкасы бар. Автобуста бос орын жоқ еді. Алдыңғы жақта отырған Әсет орнынан тұрды. Ол өз орнына әжені отырғызды. Әже Әсетке рахмет айтты. Автобуста отырған адамдарға Әсеттің үлкен кісіні сыйлағаны ұнады. (42 сөз).

 

Аюдың қонжығы ағашқа шықтақшы болды. Ағаш үйдің жанында өсіп тұр еді. Қонжық алдымен шарбаққа шықты. Одан үйдің төбесіне шықты. Содан кейін ағаштын бұтағына жармасты. Ол бұтақтан ұстап алып тербетілді. Бұтақ аюдың баласын көтере алмады. Бұтақ сынады. Абдың баласы биіктен жерге құлап түсті. (42 сөз).

 

Қоңырау соғылды. Шу лезде тынып, залда тыныштық орнады. Мұғалімдер оқу бөлмесінен шығып, сыныптарға тарап жатты. Сынпқа мұғалім мен директор кірді. Оқушылар орындарынан тұрды. (23 сөз).

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 27.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 117

Похожие материалы