Доклад "Қазақ әдебиетін оқытудағы тиімді жолдар"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

Қазақ әдебиетін оқытудағы тиімді жолдар

   Орыс тілінде білім беретін мектептерде мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр.

   «Тілдің нағыз әдемілігі, - дейді М. Горкий, - сөздің дәлдігі, оның айқындығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді». Аталған қасиеттердің барлығы болу үшін тілдің бай сөздік қорын меңгеру қажет екені айқын. Ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Тіл – ешқашан солмайтын, мәңгі жасарып, жайыла түсетін гүл», - деп тегін айтпаса керек.

   Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыруда «Қазақ әдебиеті» пәнінің орны ерекше.

   Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларды қазақ халқының көркем әдебиеті туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие беру. «Қазақ әдебиеті» пәнінің алдына қоятын негізгі мақсаты – оқушыларды әдебиетіміздің үздік туындыларымен таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын қалыптастырып, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

   «Қазақ әдебиеті» оқулығы көркем шығармаларды негізге ала отырып, оқушылардың қазақ тілінде ойлау белсенділігі мен сөйлеу әрекетінің дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар қазақ әдебиеті арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысады.

   Сондықтан мұғалімнің пәнді оқытудағы мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру, мәнерлеп оқу, мазмұндау, жатқа айту, ауызша, жазбаша баяндау сияқты жұмыс түрлерін жүйелі жүргізу арқылы оқушы бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға тырысу болып табылады. Мұғалім ең алдымен сөздік жұмысына, оқушының сөйлеу мен жазу мәдениетіне, түсінігін жеткізе білуіне басты назар аударуы қажет. Орыс тілінде білім беретін мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың негізгі жолдарының бірі – сөздік жұмысын дұрыс жүргізу болып табылады. Ол оқушының сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстанымдарының бірі – оқушының берілген материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеуде еркін қолдана білуге үйрету нәтижесінде қалыптасады. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары, әдіс-тәсілдері әр түрлі. Оқушы ұғымына ауыр, түсініксіз сөздерді синонимдер, антонимдер арқылы түсіндіру тиімді. Сонымен қатар аударма жұмысы арқылы да жақсы нәтижеге жетуге болады. Мұғалім мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен ғана шектеліп қалмай, оларды естеріне сақтауға арналған жаттығулар жүргізу қажет: сол сөздерді қатыстырып бір-біріне сұрақтар қойғызу, оған жауап бергізу, сол сөздерді дұрыс оқу мен жазуға көңіл бөлу, кейігі сабақтарда қайталап отыру, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату, түрлі сөздіктермен жұмыс істеуге бағыт беріп, пайдаланудың жолдарын үйрету.

Ø     Л.Н. Толстой: «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғыза білу керек. Үйренген сөзін сөйлеу тілінде, өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсі, ол оның жеке меншігіне айналады», - деген болатын.

   Көрнекті ғалым, тілші А. Байтұрсынұлының мұрасы, негізінен, балалардың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамытатын ғылыми дидактикалық материалдардан тұрады. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушыға ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады», - деп атап көрсеткен ұлы ғалым. А. Байтұрсынұлы бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөздік қорын молайту мақсатында өте тиімді әдістер қолданған. Атап айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойлантатын әдістерді қолдануды талап еткен.

   Белгілі әдіскер-ғалымдар ауызша тіл ұстартудың төмендегі жүйесін ұсынады:

1.      Сабақтағы оқушы жаабының мұғалімнің қатысынсыз, өз тарапынан айтылуы.

2.      Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарының қорытындысын жинақтап айтқызу.

3.      Оқушыға көрген кино, сурет, спектакльдердің мазмұнын айтқызу.

4.      Ауызша суреттеп сөйлеу.

5.      Ойдан әңгіме, өлең шығару.

6.      Көпшілік алдында сөйлеуге баулу.

7.      Мәтін оқу.

8.      Мәнерлеп оқу.

9.      Үйде оқу.

10.   Хабарлау.

11.   Күнделікті көргендерін әңгімелеу.

12.   Сын айту.

13.   Айтыс, жарыса сөйлеп айтысу.

14.   Таласу.

15.   Есеп беру.

16.   Үгіт-насихат.

17.   Баяндама жасау.

18.   Құттықтау.

Тіл дамыту жұмысы келесі бағыттырды қамтиды:

1.      Оқушылардың сөздік қорын дамыту:

- жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;

- көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;

- синонимдермен, омонимдермен жұмыс;

- антонимдермен жұмыс;

- көп мағыналы сөздермен жұмыс;

- қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

- мақал-мәтелдермен жұмыс;

- жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;

- ертегі, мысалдармен жұмыс;

- оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру жұмыстары;

2.      Сөз тіркестері, сөйлемдермен жұмыс.

3.      Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

 

   Әдебиет пәнін басқа пәндермен байланйстыра оқытудың маңыздылығын әдіскерлер Д. Әлімжанов пен Ы. Маманов: «Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі күндегі жаңа ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оны нақтылы фактілерден өздері бақылып, сапалы меңгеркіне, алған білімдерінің әр жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдісі болып отыр», - деп атап көрсеткен.   

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.82 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 100

Похожие материалы