Доклад для семинара учителей химии и биологии

Предмет: Химия
Категория материала: Конспекты
Автор:

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ол Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс – қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелігін қамтамасыз етуге арналған. Еліміз үшін маңызы зор стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функцияналдық сапаларына белсенділік, шығармашылық ойлау, шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдау қабілеттілігі, өмір бойы білім алуға дайын тұруы жатады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудын тиімді әдістері:

• дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі,сұрақ -жауап әдісі, жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, кұзыреттіліктерін қалыптастыратын тапсырмалар, интербелсенді әдіс – тәсілдер.

Интербелсенді (inter - өзара. akt - әрекеттесу) сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалім арасында қатынастың мейлінше көп болуы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.

І. Теориялық бөлім.

1.1. Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық – педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары.

Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі – техникалық оқу құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер – оқу ісін жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:

1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.

2. Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.

3. Қазіргі көздері – компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.

4. Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан – жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

5. Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін - өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.

6. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.

7. Компьютерлік технология – адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.).

Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет – сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет – сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс - әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс - әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс - әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін «қабілетті» компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды.

1.2 ЖАТ қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары.

Енді ақпараттық ЖАТ технологияларды пайдаланудың тиімді және тимісіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

· Көзге көрінбейтін химиялық құбылыстарды компьютер арқылы бейнелеп көрсетуге болады;

· Заттың ішінде болып жататын химиялық құбылыстарды модельдеп көрсетуге болады;

· Химиялық құралдарға мұқтаждықты азайтады;

· Алған білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді;

· Жаңа материалды игеруге уақыт қысқарады;

· Зерттеушілік қабілеті қалыптасқан тұлға қалыптасады;

· Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;

· Оқушының ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтуге, тану процесіне қызығушылығын арттыруда зор;

· Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі жетілдіруі олардың таралу мен сапасын артырады;

· Оқушыға тақырып шеңберінде және белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтің көлемін ұлғайтады;

· Оқушының бағыттылық (бағытталу) рефлексінің төмендеуі (ориентировочный рефлекс);

· Танымдық эмоцияларының мәнінің төмендеуі, оқушы қызығушылығы білім мазмұнына емес, экрандағы өзгеріске ғана ауып отырады;

· Көрнекілік принципінің гипербализациясы, яғни тым артық болуы;

· Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы;

· Ақыл-ой дамуын қадағаламай, есте сақтау ойлау жұмысын төмендетеді;

· Оқытуға айқын сипат беріп, оқу материалын меңгеруді кемітеді;

· Шынай өмірден кетушілік, оны анық байқамау немесе аутизация;

· Жаппай химиялық құбылыстарды модельдеу – химиялық (классикалық) экспериментке зияның тигізеді.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс бергім келеді: 1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану. 2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау. 3. Компьютерді пайдалану қауіпсіздік техника ережесін сақтау. 4. Кітаппен жұмыс. 5. Классикалық «тірі» тәжірибелерді орындау қажет.

Оқушылардың болашақ педагогикалық қызметтеріне қажетті болатын білімділігі мен іскерлікті игеруге үйрету керек. Т.А.Сергееваның және т.б. ойларынша, нақты жағдайда химия, физика пәндерінің келешек мұғалімдері біріншіден - компьютерді қажетті жағдайларда қолдану, яғни тәжірибе жүргізгенде есептеуге қажетті уақытты азайтуға, есептерді тексеруді, нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді; екіншіден – оларды типтік біліктіліктерді өңдеуде қолдану, яғни валенттілік бойынша формула құру, күрделі заттарды иіскеу, химиялық элементтер электрондарын атомдарға тарату, әр түрлі типтегі химиялық теңдеулерді құру, көміртектік қаңқасы бойынша теңдеулер құру т.б. физикадан типтік біліктіліктерді дамыту. Мұндай жұмыстарды біз оқушыларды жаңа ақпараттық технологияны оқу саласында қолдануға дайындау процесінде жүргіздік.

1.3 Химияны оқытуда компьютерді қолданудың ерекшеліктері

Дербес компьютерді химия сабағында пайдалану – химияны оқыту жүйесін өзгертеді. Компьютерлік оқытудың бағалау үшін, компьютерлендіру жағдайындағы химияны оқыту әдістерімен ұйымдастыру формасына тоқталайық.

Химия сабағында компьютерлік оқытудың ерекшеліктерін анықтау үшін, біріншіден, химияны оқыту әдістерінің жалпы теориялық ерекшеліктерін, екіншіден, оқыту құралы ретінде ЭЕМ құрылымы мен ерекшеліктерін негіздеу қажет. Компьютерлік оқыту процесінің құрылымдық схемасын қарастырайық.

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер (сурет). Осы элементтердің барлығы да бір-біріне

өзара әсер ететін ақпараттар

ағынымен байланысқан.

Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект рөлін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Химияны оқытуда компьютерді қолдану бағыттары

1.4 Хим

1.4 Химия сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану.

Сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі – динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) қолдану. Химиялық процестер мен құбылыстарды оқыту процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамыта білуде оның ролі ерекше. Бірақ химиялық құбылыстардың барлығы жаппай ДЭЕМ-де модельдеу – химиялық экспериментке зиянын тигізуі мүмкін. Сірә, классикалық химиялық экспериментті ДЭЕМ-де модельдеу әдісін қолданып, құбылыстар мен эксперименттік нәтижелерді өңдеумен үйлестіру қажет. ДКМ-ді пайдалану кейбір құбылыстардың оқушылар үшін көрінбейтін жағдайда, сондай-ақ тікелей бақылау кезінде көзге көрінбейтін немесе жалпы мүмкін емес құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік береді. Мысалы: «Атомның құрылысы», «Спирттер» тақырыптарында ДКМ-ді пайдаланып өткізу тиімдірек. Модельді басқару нақты объектінің күрделілігіне қатыссыз, оқушы ЭЕМ клавиатурасы арқылы модельдің әртүрлі параметрлерін енгізу жолымен жүзеге асырады.

Мұғалім ДКМ-ді пайдаланған кезде білу керек

1.5. Химиялық сайттар

Халықаралық сайттарда (электронды беттерде) химия пәні мүғалімі оқушылармен жұмыс істеуге колданылатын мәліметтерді пайдаланып, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндігі мол. Бұл желілік ресурстардағы мағлұматтардың нақылығы, сапасы, қолдану жағдайлары әркелкі және Интернеттегі мәлімет әрдайым жаңаланып тұрады. Сіз өзіңізге қажет мәліметті тергенде интернеттегі іздеуші машина енгізген сөзіңіз бойынша көптеген әр түрлі мәліметті береді. Бұл кезде белгілі бір ережеге бағынуымыз қажет.

Ең сенімді интернет-ресурстар ірі ұйымдарға қарасты. “СhemNet” желілік ресурсындағы мәліметке М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дің химия факультеті деканы, РҒА академигі В.В. Лунин жауапты. Ал жекеменшік желілік ресурстар ішінде олардың негізін қалаушылардың есімдері, фотосуреттері беріледі. Әдеби шығармалардың авторлары лақап атымен жазылса, химиялық мәлімет таныс емес немесе кез-келген есіммен жазылған болса, оның берілген мәліметіне толық сенім арттыруға болмайды. Қазіргі мектептерде мұғалімге қарағанда оқушылар интернет мәліметтерін жақсы меңгерген. Егер мұғалім интернет желісіндегі мәліметті сабақта пайдаланғысы келсе, мұғалім оны оқушыларға ұсынбай, алдымен өзі тексеруі тиіс. Сонымен қатар Мәскеудегі Д.И. Менделеев атындағы химия-технологиялық институттың “www.alchimik.ru” сайты сіздерге ұнауы керек. Орта мектеп мұғалімі химия пәніне мектеп бағдарламаларын, әдістемелік құжаттарды, қашықтан оқыту жаңалықтарын, «Химияның бастапқы курсы» т.б. қажетті және қызықты мәлімет таба алады. Бұл сайтта мынадай айдарлар бар: «Абитуриентке кеңес», «Химия пәні мұғаліміне», «Анықтамалық құралдар», «Қызықты химия», «Жаңалықтар», «Олимпиадалар», «Кунсткамера» (тарихи мәліметтер) және т.б. alchimik.ru оқу залында Э.Гроссе, X.Вайсментальдардың неміс тілінен аударылған «Қызықты тәжірибелер» еңбегімен және басқа көптеген оқу құралдарының мазмұны көрсетілген.

Сайтта “www.som.flio.ru” айдарына сілтеме бар. Бұл айдардың «Химия» бөлімінде мұғалімдерге пайдалы көптеген мәлімет алуға болады: химия пәнінің бағдарламалары, зертханалық жұмыстар, химиялық есептер, тесттер, бақылау жұмыстары, химиялык. кабинет, химиялық элементтердің периодтық кестесі, химиялық олимпиадалар, химия пәніне арналған Интернет-оқулықтар, химия пәні мұғалімінің анықтамалық құралдары, химия тарихы, педагогикалық кеңес, бағдарлы мектеп химиясы, Интернет-технологиялар, химияны оқыту әдістемесі және т.б.

Пайдалы химиялык мәліметті www.chtmport.ru сайтынан табуға болады. Бұл сайт ғылымда, өнеркәсіпте жұмыс істейтін химиктер үшін ыңғайлы болғанымен, мұғалімдер де көптеген кажетті мәлеметтер таба алады. Мысалы, «Абитуриентке», «Мұғалімдер бөлмесі», «Кітап дүкені», «Электронды анықтамалық құрал», «Қызықты химия» және т.б.

www.chemistry.r2..ru Оқушыларға арналған, мұнда кез-келген мәліметті табуға болады. Мынадай бөлімшелер бар: «Білім және билік», «Бұны кім ойлап тапкан», «Күрделі мәселелерді бірге шешеміз».

www.center.fio.ru«Интернет-Білім» — бұл портал мұғалімдерге пайдалы. Интернеттегі білім мәселелері, химия пәні бойынша сабақты ұйымдастыру, қашықтан оқыту және т.б. бөлімдері бар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 128 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 128

Похожие материалы