Доклад на тему: Ақпаратты-танымдық жарнама
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жетенова Айнур Сериковна
|
АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ЖАРНАМА
Жетенова А. «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі», Астана
Резюме
Эффективность реклам для приобретаемых товаров. Правильность формулирования покупок, на что надо обращать внимание, организация грамотного выбора целевых товаров, информирование потрeбителей познавательной рекламой.
Summary
Efficiency of advertising for the acquired goods. Correctness of a formulation of purchases, organization of a competent choice of target goods, informing consumers informative advertising.
Баяндамадан қарапайым халық жарнамалар туралы қаншалықты хабардар? Жарнама дегеніміз не? Тауарларды жарнамалау? Ақпараттың түрлері, ақпарат ұғымы туралы баяндалады. Жарнаманың пайдасы мен зияны. Дұрыс ақпарат алу. Өнімді таңдау, маркілеу, тауарлар белгісі мен түрлері, тауармен ілесіп жүруі тиіс құжаттар, тұтынушыға арналған ақпарат сияқты қызықты да пайдалы мәліметтерді таба аласыз.
Қазіргі таңда тұтынушы тауарлардың көптігі айтпаса да белгілі, кез-келген сауда орталығы немесе дүкен болсын түрлі-түсті әсемделген орамалардағы тауарға толы сөрелер көздің жауын алары сөзсіз. Оларға деген жарнамалар легі де толассыз. Жарнамалар: бейнебаян, үлестіру қағазы түрінде, сурет негізінде, маңдайшалар түрінде де кездесуі мүмкін. Ал олардың бізге берер пайдасы қандай? Пайдасы сөз болғандықтан ақпарат деген ұғымға тоқталып өтсек. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы – күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, түр, нұсқаулық, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну сияқты тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Маркетингтік тұрғыдан қарасақ, жарнама пайда әкелуші, яғни сатып алушыларды қызықтыру үшін ойлап табылған. Тауар сатып алғанда бағасына немесе науқандарға мән беріп, кейде сапасы, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі, өндіруші елі т.б., белгілеріне назар аудармай жатамыз, демек бұл, тұтынушының тауар сатып алудағы қателігі болып табылады. Ал сол қателік үлкен зардаптар әкелуі мүмкін. Себебі, тауарлар тек Қазақстандық өндірушілерден емес, көрші елдерден де тасымалдануы мүмкін. Олардың құрамы, сапа белгісі, тауар белгісі, стандартталуы мен сертификатталуы жөніндегі белгі, маркіленуі, штрих код, мәтіндердің мемлекеттік (экспортталған еліне сәйкес), орыс және шет тілінде т.б. мәліметтердің бар болуын қадағаламаймыз. Себебі, аталып өткен белгілердің түрін, жазылуын, белгілі стандарттардың атын да білмейтіндер де бар, халықтың басым көпшілігі дұрыс ақпарттанбағандықтан түрлі жағдайларға тап болады. Өнімнің сыртқы қаптамасының әсемдігіне қарап, күнделікті жарнамалардан көріп жүрген тауардың тұтынуға жарайтындығына кім кепіл? Көбіне жасөспірімдер осындай жағдайлардың кесірінен түрлі ауруларға шалдығып жататын жағдайлары көптеп кездеседі. Себебі өнім туралы ақпартты біз тек жарнама арқылы ғана көре аламыз. Егер жарнамалар тек маркетингтік салада шығарылмай, ақпараттық-танымдық жақтарынан да мәлімет берсе, бұл мәселе шешімін тапқан болар еді. Сол себепті тұтынушыларға арналған ақпараттардан хабардар болу керек.
Тауар - сатып алу, сатуға немесе басқа өнімге айырбастауға жататын өнім. Бұл экономикалық өнімнің ең бір әмбебап атауы. Кез келген заттың экономикаға қатысты екенін көрсеткісі келсе, оны тауар деп атайды.
Тауардың ілеспе құжаттарына келесілер жатады: сапа сертификаты, жүк тиеу спецификациясы, қаптама парағы, комплектілі ведомость.
Тауар белгілері (маркілеу) «заңының» мазмұнында шексіз тауардың түрлерін көруге болады, олар тауар белгісі болып тіркелуі мүмкін. Бұндай белгілерге сөздік, әріп, сандар, суретпен, көлемді және тағы басқа белгілерді жатқызуға болады.
Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және автоматтандырылған идендификация үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі.
Штрих кодтардың құрылымы.
Код құрылымы
Белгінің реттік нөмірі
ЕАN-8
ЕАN-13
ЕАN-14
Мемлекет
1,2(3*)
1,2(3*)
1,2(3*)
Өндіруші ұйым немесе сатушы
3-5
3-7
3-7
Тауар жайлы мәлімет
(4-5)
(4-7**)
(4-7**)
Тауар қаптамасының коды
-
-
9-13
Бақылау цифрасы
8
13
14
Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет кодын білдіреді. Штрих кодтағы мемлекет коды тауарды шығаратын мемлекет кодымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне құқығы бар. Әрбір мемлекетте ЕАN ассоциациясы орталықтандырылып код диапазонын береді. Кодтар әдетте екі орында (Франция-30-37,АҚШ пен Канада -00-09,Жапония-45-49),бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД-460-469) болады.
Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты ұсынуы тиіс.
- өнім (тауар) туралы ақпаратта өнімнің (тауардың) атауын көрсету;
- тұтынушыға арналған ақпаратта өнім (тауар) оған сәйкес дайындалған
нормативтік құжаттың атауы (белгісі) көрсетіледі;
- өнімді дайындау (өндіру) кезінде өңделген негізгі ингредиентті
пайдаланғанда тиісті ақпарат өнімнің (тауардың) құрамына кіретін ингредиенттер тізбесінде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады. Ингредиенттерді, құрамаларды көрсетуден бұрын «Құрамы» немесе «Жинақтылық» деген тақырып болуға тиіс, одан кейін өнімді (тауарды) дайындау (өндіру) кезіндегі олардың тізбесі беріледі;
- орауыштағы (ыдыстағы), затбелгідегі, заттаңбадағы, жапсырмадағы (стикердегі), құжаттардағы, жаднамалардағы қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдің ережесі нормалары ескеріле отырып жазылып, оқуға қолайлы жерге орналастырылады;
- ақпарат нақты түсінікті, толық және өнімнің (тауардың) құрамына, қасиеттеріне, тағамдық құндылығына (тағам өнімдері үшін), табиғатына, тегіне, дайындалу және тұтынылу тәсіліне, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтерге
қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын болуы тиіс;
- тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің), өнім берушінің, өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның, лицензиардың (егер өнім (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе), атауы мен орналасқан жерін (заңды мекен-жайын), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын өнім (тауар) үшін тіркелген нөмірі мен тіркелген күнін көрсету қажет.
Кез келген тауарды (өнімді) сатып алмас бұрын, тауар туралы толық ақпарат алу қажет. Ол үшін жоғарыда аталған тауар белгісі, штрих код, стандарттар, сапа белгісі, дәмдеуіштер мен қоспалар, зиянды заттар, тұтынуға тыйым салынған тағамдық қоспалар, химикатты, алмастырғыштар туралы ақпаратты-танымдық жарнамалар жобасын құрып, құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жүргізу қажет. Жоғарыда атап өткен мәліметтерге сүйеніп, тауар сатып алудағы сауаттылығымыз артып, осы баяндаманы жазудағы мақсатыма жеткенім болар еді.
Әдебитеттер:
1. А. А. Ляшко Товароведение, экспертиза и стандартизация. Москва 2008
2. М. Т. Рақымжанова. Стандарттау, метрология және сертификаттау
негіздері. «Фолиант» баспасы Астана 2008 К. Акишев.
3. Стандарттау метрология және сәйкестікті бағалау. «Фолинат»
баспасы Астана 2008
4. http://festival.1september.ru/ сайты, т.б. ғаламтор беттері.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 4.92 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |