Достық қымбат өмірде

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тренингтің тақырыбы:«Достық қымбат өмірде»

Мақсаты:Оқушыға достық туралы кең мағлұмат бере отырып,досымен арасындажағымдықарым-қатынасорнату, бір-бірінсыйлауға, адалдосболуға жәнеқоршағанортамендос болуғаүйрету.

Әдісі: Пікіралмасу, сұрақ-жауап.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру жұмысы.

а) Оқушымен сәлемдесу, көңіл-күйін білу.

б) Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. «Достық» деген не? Досың бар ма?.

Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір тұрады.Досыңның көп болуы өз қолыңда. Егер сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.Досың көп болады.

Оқушыға сұрақтар қою арқылы сөздік қорын молайту.

- Сенің досың бар ма?

-Оның аты кім?

- Нағыз достар қандай болады?

-Достары көп болу үшін адам қандай болу қажет?

-Досыңның туған күнін білесің бе? Оған не сыйлар едің?

IІІ. Дәйек сөздің мағынасын ашу.

«Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын »

ІҮ. Достық туралы мақал-мәтелдер.

1. Досы көпті жау алмайды,

2. Досың көзіңде болғанша,

көңіліңде болсын.

3. Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

4. Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

5.Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ү.Оқушыныңсенімділігін арттыратынөміршеңдік ережесі.

Әр адамныңережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекетжасау.Сол сияқты иығыңдытіктеп , жарқын көңілмен іштейтабысқажетуге талаптанып, өміршеңдікережелерінайтайық.

1.ЖІГЕРДЕГЕН -МЕН

2.КҮШДЕГЕН - МЕН

3. МАХАББАТДЕГЕН –МЕН

4.КЕШІРІМДЕГЕН – МЕН

5.ҚҰДІРЕТДЕГЕН –МЕН

6.ЖАСӨСПІРІМДЕГЕН – МЕН

7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН

8.ДЕНСАУЛЫҚДЕГЕН-МЕН

9.АДАЛДЫҚДЕГЕН-МЕН

10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚДЕГЕН-МЕН

11. БАРҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.

Бәрімағанбайланысты, бәрі меніңқолымда.

ҮІ. «Достық- өмірлік нұсқа»әңгімеден үзінді.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды.

Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

- Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

ҮІІ. Қорытынды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.23 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 172

Похожие материалы