Әдістемелік оқытуға инновациялық тәсіл

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

       Мақалада бала-бақша педагогтарымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың түрлері жөнінде баяндалады. . Автор өз мекемесінде жүргізілетін әдістемелік білім көтеру тәжірибесімен бөліскен.Мақала бала-бақша әдіскерлері мен шағын орталық педагогтарына арналған.

Жаңа педагогика оқыту технологиясын түбірінен өзгертеді.Оның мәні оқитын адамның танымдық белсенділігін оятуда,ойлау мен қызметте дербестіктің орнауына ықпал ететіндігінде.Педагогтар әдістемелік оқу үдерісінде өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық үдеріс ретінде келулері,білімді дербес меңгерулері тиіс.Ал бұл өз кезегінде,сабақтар оқитын адамның дербес қызметін белсендіретін тәсілдермен қолданатын,бағытталатын,бірге болатын әдістемелік жұмыс технологиясын талап етеді.

белгілі дәрежеде көтермеленген және бағытталған шығармашылық жағдай педагогикалық ұжымның ең үлкен жетістігіне айналуы мүмкін. Қызметкерлердің бастамалары мен шығармашылық ұмтылыстарын жетілдіріп отыру қажет етеді.

Іс-әрекеттілік оқыту

Мысалы: «Педагогтік сырласу»

-сіздің мақсатыңыз,мақсатыңызға жету жолында жасаған еңбегіңізді есіңізге түсіріп баяндап беріңіз

- балабқша педагогтарының үздік жұмыстарын атаңыз

-сіздің үлгі тұтатын педагог маманыңыз кім?

-өз қызметіңізді орында барысында қандай проблемаға көп кездесесіз ,

шешу мақсатында қиналасыз ба және шешімін табу үшін көмек күтесіз бе?с.с әр түрлі жетілдіру мақсатындағы психологиялық сұрақтар талданады.

  Талдау -өткен іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған немесе нақты ұйымда қандай да бір сәтте белгілі бір жағдайларда туындауы мүмкін жағдайларды зерделеуден,бағалау мен шешімдер қабылдаудан тұрады.

Шағын эссе жаздырып, педагогтардың қиналып шешім қабылдай алмаған жағдайларына шешуге көмек көрсетемін.

Әр уақытта іс-әрекет нәтижесінде:

-проблема / іс-әрекет барысындағы проблема талданып, проблемамау мақсатында жасау керек жұмыстың түрі нақты айтылып, талдану керек/

- бағалау / белгіленген кретериалар бойынша бағалар қойылып, қабылданған шешімдерге баға қойылады/

Өздігінен оқу:

Бұл бағытта біздің мекемеде өз-өзін жетіджіру жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.Педагогтардың өзін-өзі бағалауы, бақылауы өз қызметіне жауапкершілдікті арттырады.

Педагогтың  кәсіби дамуына жеткшілік:

Педагогтардың кәсіби дамуына бақылау,жетекшілік етудің мақсаты-әр педагогтың өз тәжербиесін әріптесінің тәжербиесімен салыстыруы, өзінің кәсіби сапаларын өңдей тұсу,бірлескен әрекеттер мен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру.

«Жалған сыпайылық» ,»тірек нүктесі», «сөз сөйлеуге шақыру», «қателер жаттығуы» т.б түрлі сипаттағы мақсатты жұмыстар жақсы, саналы, кәсіби шығармашылықтарын дамытудың бастапқы сатысына айналады.

Келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

-Дамуға бағытталған педагогикалық ұжым құрылып, сақталды;

-Курстарға, семинарларға қатысу арқылы әріптестермен байланыс орнатылды;

-Диагностикалық құралдар қолданысқа енгізілді:

 жетістіктер портфолиосы:

 даму динамикасының картасы;

 педагогтардың рейтенг картасы;

 жұмыс нәтижелері бойынша презинтация жинақтары жинақталды;

-педагогтік технологияларды игеріп, білім беру үрдісінде қолдануда.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 130

Похожие материалы