Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күн – жарық пен жылудың көзі.
Сабақтың мақсаты: Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру
1. Күн, жүйесі туралы білімдерін толықтыру.
2. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті, глобус, қосымша суретті оқулықтар, қима қағаздар, лупа.
Әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Табиғат!
Тіршіліктің тұнып тұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
(Орташа, жай темппен айту керек)