Еңбек түбі-береке

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы:  Еңбек түбі - береке Мақсаты:      Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге                       үйрету. Тілдерін дамытып, шешендікке баулу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі               ІІ. Негізгі бөлім 1)                 Мұғалім: -  Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі. Бүгінгі өткізгелі отырған сынып сағаты «Еңбек түбі – береке» деп аталып, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ телехабарының желісі бойынша өтеді. Ортаға 3 оқушы шығып, мақал айтудан жарысады. (Әр оқушы 5 мақалдан айтады) -  Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кетірер -  Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық. -  Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін тапқан. -  Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. -  Ерінбесең, еңбегің өнеді. -  Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық. -  Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады. -  Еңбек етпеген азады. -  Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. -  Бейнетің қатты болса, тапқаның тәтті болар. 2)                 Алғашқы айналым Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, ойынға қатысушылар әрі қарай жалғастырады. 1.                 Еңбегің қатты болса, ... (тапқаның тәтті болар) 2.                 Еңбек түбі – береке, ... (көптің түбі - мереке) 3.                 Істегенің еліңе жақсы, ... (үйренгенің өзіңе жақсы) 4.                 Отынды шапқанға жақтыр, ... (малды тапқанға бақтыр) 5.                 Ексең егін, ... (ішерсің тегін) 6.                 Етік тіге алмаған, ... (біз таңдайды) 7.                 Көсеуді қысқанның ... (қолы күйер) 8.                 Берген – алар, ... (еккен орар) 9.                 Еңбек етсең ерінбей, ... (тояды қарның тіленбей) Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады. 3)                 Екінші айналым. Екі ойыншының біреуі мақал айтады, екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Солай кезектеседі. Мүдірген ойыншы жеңіледі. Мыс: Еңбек ет те мақтан, Ойнап күл де шаттан.           Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.   Жеңімпазға қошемет көрсетіліп, жеңілген ойыншыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады. 4)                 Көрермендер көрімдігі Жүргізуші бір сөз айтады. Көрермендер сол сөзді қатыстырып мақал айтады. Әңгіме – Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер. Еріншек – Еріншектің ертеңі бітпес. Тоқтық – Көптік қайда болса – тоқтық сонда. 5)                 Жұмбақшылар сайысы Жүргізуші жұмбақшыларға жұмбақ жасырады. 1.                 Үй артында бүкір терек, күресуге кісі керек. (иін ағаш) 2.                 Төрт бала бірін-бірі қуалайды. (арбаның дөңгедегі) 3.                 Екі басты жалмауыз, кейіп аузын ашады, Алдына түскен нәрселері өзінен-өзі қашады. (қайшы) 4.                 Кішкене ғана ұлым бар, Кірген шыққан сүйеді.(кесе) 5.                 Бойы толған күш, Табаны толған тіс. (трактор) 6.                 Бесікте тентек бала шырылдайды, Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон) Қалған екі бала бір-біріне жұмбақ жасырады. Жұмбақшылар жеңімпазы анықталады. 6)                 Көрермендер көрімдігі 1.                 Аузы бейне шалғы орақ,                                    2.Жақсы жерде жүреді, Шөп емес, бірақ мал орады. (қасқыр)                Жаман жерде жатады. (сыпыртқы)                            3. Күндіз толады, түнде солады (шалбар) Мақалдан, жұмбақтан жеңімпаз атанған оқушылар ортаға шығады. Жұмбақшыға жұмбақ айтылады. Ол шешсе, сол жауапқа мақалшы мақал айтады. 1.                 Жалт-жұлт етеді, Өз еркіне жіберсең, Дүниені бүлдіреді. (От)               От оттан да ыстық. 2.                 Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді. (көз)             Көз – қорқақ, қол – батыр 3.                 Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қой)      Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір. 4.                 Жылт-жылт еткен Жылғадан өткен. (Су)                             Судың да сұрауы бар. Ойын жеңімпазы анықталып, оған мынадай сұрақ беріледі: Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі. -  Бұлақтың басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген сөздерге саудагер қандай тұжырым жасады. -  Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің,-дейді. Егер ойыншы дұрыс жауап берсе, жеңімпаз атанады. Жеңімпазға сыйлықтар тапсырылады.   ІІІ. Қорытынды бөлім -Сонымен, балалар, мақалдың орны мен қолданылу аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Ерінбей әліміз келетін жұмыстардан қашпай, е
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.2 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 234

Похожие материалы