Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздік жүйесі

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздік жүйесі

Сабақ мақсаты:

Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің шешу жолдарын пайдалана отырып, екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктерді шығара біоу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше есептер шығара білуге машықтану

Табыс критерийлері:

- Теңсіздіктерді шешу жолдарын біледі;

- Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін таба біледі;

- Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің жүйесін шешеді;

- Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешіп, сызбаларын дұрыс сыза алады;

Сабақ түрі:

Жаңа сабақты меңгерту

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

5 мин

Кері байланыс

Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді.

2 мин

Топқа бөлу

Таратылған кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Кеспе қағаздар

5 мин

Жаңа сабаққа шолу

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу жолдарын қарастыру

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуге байланысты қасиеттері мен ережелерді жазады;

Оқулық, формулалар

18 мин

«Крестик-нөлдік» әдісі.

Топтарға Х және О белгілерін плакатқа сызылған сызбаға жазу арқылы бәсекелесе есептер шығару керектігін түсіндіру

Оқулықтан тақырыпқа сай берілген есептерді шығару арқылы Х және О белгілерін сызбаға толтыру арқылы бәсекелеседі.

Х-О сызбасы, плакат, маркер

12 мин

«Ментальды карта» әдісі

«Есепті тиімді әдіспен шығару жолдары»

Әр топқа жеке есеп тарату

Әр топ өздеріне берілген есептерді шығару жолдарын, тиімді әдіспен шығару жолдарын талқылап, таныстырылым жасады, түсіндіреді.

Плакат,

Маркер,

3 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Стикер,

Бағалау парағы

Не сәтті өтті?

Не сәтсіз болды?

Нені дамыта алар едім?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.55 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 225

Похожие материалы