Здесь была ссылка на работу Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу автора Аменова Шолпан Сагитжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару. тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Халықтық Банк» ІІ топ «Альянс Банк» ІІІ топ «АТФ Банк» Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге. ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге (Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары) 1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы 2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі 3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті 4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді 5.ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады 6.Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2;4),(3;-2),(-1;-6)