Экологиялық жоба "Мұратсай бөгенінің экологиясы"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жахатов Руслан Каспиевич
|
Экологиялық жоба "Мұратсай бөгенінің экологиясы"
Ел қонысы –Мұратсай
Мұратсай елді мекенінің аталуы Кеңес Үкіметіне дейін осы жерде мекендеген Мұрат есімді әрі шаруасы бар адамның есіміне байланысты.Кейін бұл жер осы кісінің атымен аталып кеткен.Оны профессор Айсұлу Бисенғалиева да (Орал қаласы) «Алтын сандық» атты кітабында «Ел қонысы-Мұратсай» атты мақаласында келтірілген.
1975 ж. 5 мамырда КСРО Үкіметінің жарлығы бойынша М.Маметова атындағы қой совхозының №6 бөлімшесі мен “Ордa” қой совхозының №2 бөлімшесіне қарсы Тайғара жері “Мұратсай” қой совхозы болып құрылды.
Жер көлемі- 91559 га. Оның 12531 га- егістік,75419 га-жайылымды жерлер, 200 га суармалы жер болды.
Бүгінгі таңда Мұратсай ауылы- Бөкей ордасы ауданына қарасты, Мұратсай ауылдық округінің әкімшілік орталығы.
Мұратсай табиғаты мен экологиясы
Мұратсай ауылы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс Каспий маңы ойпатында орналысқан. Шекарасы солтүстігінен Жәнібек ауданымен, батыста Ресеймен, оңтүстік батыста Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі және «Хан Ордасы» ЖСШ-мен, ал шығыста Бисен ауылдық округімен шектеседі. Жер бедері жазықта, сай-салалы болып келеді. Солтүстік- батыстан оңтүстік- шығысқа қарай жері тегіс келеді.
Климаты - қатаң континентті. Мұхиттар мен теңіздерден қашық болғандықтан, қысы суық, бірақ батыстан келетін циклонның әсерінен кейбір кезде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық әрі құрғақ та, ұзақ болады. Климат түзуші бірінші фактор-Күн радиациясының әсерінен бір шаршы сантиметрге 11120 ккал-ға дейін жылынады. Қыс кезінде күн сәулесінің түсу бұрышының азаюына байланысты, сонымен бірге күннің қысқарып, қар жамылғысының күн сәулесін шағылыстыратынына орай кун радиациясының мөлшері азайды.
Екінші фактор- ауа массасының әсерінен. Үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар арктикалы, полярлы (қоңыржай) және тропиктік ауа массалары. Осылардың ішінен, әсірессе, қыс айларында Азия антициклонының ішкерілей енуі нәтижесінде ауаның температурасы төмендеп, ашық ауа райы қалыптасады. Ол жаз айларында ыстық ауа райын түзеді. Ал көктем мен күз айларында кенеттен түсетін салқын ауа болады.
Атлант мұхитынан келетін қоңыржай ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып, ылғал әкеледі.
Үшінші фактор-Жер бедері.Ол ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Сондықтан әр жердің өз микроклиматы бар. Мысалы Мұратсайдың да өз климаты бар. Соңғы он жылдағы ауа райының жергілікті бақылауының нәтижесінде көз жүгіртсек (мұғалім-географ Каспи Жахатов) 1990ж. қаңтар айында ең салқын күн “13”күні-“200С”, орташа температурасы -50С, айдың «15» күні ашық, «16» күні бұлтты, жауын- шашын болған жоқ. 1990ж. шілдеде –ең ыстық күндері+34-360С, орташа +24,30С, бұлтты, жауын-шашынды күн-7, ашық күн-24.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 747.5 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |