Здесь была ссылка на работу Екпін автора Корганбаева Загипа Кенжешовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеуіне, ана тілімізді сүюге баули отырып, ана тілінің мәртебесін биік ұстау жөнінде білім жетілдіру, соған дәріптеу; ә) Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту; б) Тәрбиелік: Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жарыс сабақ. Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, миға шабуыл. Көрнекілігі: интерактивтік тақта, үлестірмелі кеспе, суреттер, оқулық. Пәнаралық байланыс: Әдебиет Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу: барлық оқушыларға бір-біреуден сөз таратылады. Олар 5-6 оқушыдан бірігіп таңдап алған сөзінен сөйлем құрайды. Құралған сөйлем бойынша оқушылар топқа бөлінеді. (Асан мен Үсен далада ойнап жүр. Асқар оқулықтарын сөмкесіне салып, мектепке келді. Айдын ормандағы құстарды тамашалап адасып кетті.) Топқа басшылық ететін оқушы тағайындалады. Топ басшысы топтарын берілген атаулардың біреуін таңдау арқылы өз тобына ат қояды.