«Елім менің» (интеллектуалдық, тарихи-танымдық ойын)
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нурмукашова Майра Сагингалиевна
|
«Елім менің »
(интеллектуалдық, тарихи-танымдық ойын.)
Мақсаты:
Ақпараттық құзыреттілік: тәуелсіз қазақ елінің тарихына шолу жасап, студенттердің біліктілігін арттыру.
Коммуникативтік құзыреттілік: оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға, өз ойын шебер жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Проблеманы шешу құзыреттілігі: өз елінің патриоты ретінде өз ұлтының жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін жоюда күш-жігерін аямайтын тәрбиелі, құзыретті тұлғаны қалыптастыру.
Шарада қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар:
Компьютер, проектор, шар, плакаттар, слайдтар.
Қатысушылар:
Топтың аттары: «Атамекен», «Жерұйық» тобы.
Жоспары:
1 тур:Таныстыру 3-5 минут
2 тур.«Жүзден жүйрік»-капитандар сайысы
1минут, 10 сұраққа жауап.
3 тур: Ойлан тап! Мақал – мәтелдер сайысы.
4.тур: Көрермендермен ойын.
Ойын қорытындысын шығару.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, студенттер!
Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым
деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
«Елім менің» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынға қатысып отырған 3бКДО тобының студенттері.
Команданы таныстыра кетсек: Атамекен тобының көшбасшысы Сұпығалиева Айдана. Жерұйық тобының көшбасшысы Құрманғалиева Бибігүл.
«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.
1 тур «Таныстыру» Әр топ өз тобын таныстырады.
2 тур. «Жүзден жүйрік» Команда капитандар сайысы
Атамекен командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді.
1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның тұңғыш астанасы (Орынбор)
3Батыс Қазақстан облысы құрамына неше әкімшілік- аумақтық бөлініс кіреді? (12)
4.Қазақстан Республикасының халық саны (16 млн-нан астам)
5.Қазақ халқының бес арысын ата? (Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, С.Торайғыров, Б.Майлин, Ш.Құдайбердіұлы)
6. БҚ облысы Республиканың қай бөлігіне кіреді? (Солт.Батыс)
7. Ж.Досмұхамедовтың туған жері? (БҚО, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы.)
8. Семей полигонын жабуға күш салған қоғам қайраткері? (О.Сүлейменов.)
9. ҚР Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков.)
10.Қазақстанның батысындағы тау.(Мұғалжар)
11.
Жерұйық командасының басшысы. 1 мин 10 сұраққа жауап береді
1.1994 жылы жарық көрген «Жанша» кітабының авторы? (Жайсаң Ақбай.)
2. Үш алыпты ата?(Абай, Ыбырай, Шоқан)
3. БҚО ең терең, әрі ауқымды су айдыны? (Шалқар)
4. Маңғыстау аймағында кең таралған ру? (Адай.)
5. Тәуке ханның заңдар жинағы? (Жеті жарғы)
6. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай күні жарияланды? (1992ж 4 маусым.)
7. Жаһаншаның ең жақын серігі? (Халел Досмұхамедов.)
8.. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Жандарбек Мәлібеков, Шот-аман Уәлиханов)
9. Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қанша медальдар түсті? (7 алтын, 1 күміс, 4 қола)
10. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)
11.
1-ші турдың Ұпай санын белгілеу
Келесі турымыз «Самғау» деп аталады. Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға 5 сұрақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.
3 тур: Ойлан тап!
Экранда берілген суреттерге байланысты мақалдар құрау.Уақыт шектеулі. 1 мақалға 1 ұпайдан беріледі. Ал олай болса іске сәт!
4 тур: Ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл сайысымыз «Ой ширату» деп аталады.Бұл сайыс көрермендердің қатысуымен жүргізіледі. Сіздерге ым-ишара арқылы жасырылған сөз жанамалап беріледі. Сіздерге қойылатын талап сол сөздерді дұрыс табу.
Қорытынды:Осымен «Елім менің» интелектуалдық сайысы өз мәресіне таяды. Қай топтың жеңімпаз атанғанын білу үшін әділқазылар алқасына уақыт береміз. Қорытынды баға дайын болғанша тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 37.5 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |