Елін сүйген, елі сүйген елбасы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.    

  Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері. Қазақстан картасы. 
Қанатты сөздер. Мақал-мәтелдер.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
 Мұғалім:  Отан деген ұлы ұғым,
Түсін соны ұлығым,
Өз жеріңде еңбек етіп,
Өз еліңді қорға ұлым.
       Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз, үйіміз.
Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Треннинг «Әрқашан күн сөнбесін» әніне түрлі қимылдар жасау арқылы жүргізу.                                

 

       «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең»демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – сіздердің қолдарыңызда. сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.9 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 174

Похожие материалы